Бишілер жүлделі оралды

0

Жақында Алматы қаласында «Бала шабыты» деген атаумен би түрлерінен халықаралық жарыс өтіп, үлкен бәсекеде қордайлық балақайлар да бағын сынап көрді.

Жас өрендер арасындағы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жетпіске жуық ансамбль жиналды. Олар төрт жас деңгейі бойынша өзара мықтыны іріктеді. Яғни, сайыс 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қарым-қабілетін анықтап, кейін олардың спорттық бимен кәсіпқой тұрғыда айналысуына жол ашуға арналып отыр. Жарыста көрермендер мен әділ қазылардың назарына жалпы 115 би ұсынылды. Қазылар мүшесінің қатарында елімізге танымал режисер, хореографтар, осы саладағы ұстаздар болды. Олар қордайлық «Грация» шығармашылық ұжымының өнерін жоғары бағалады. Махаббат Баденова жетекшілік ететін шығармашылық ұжым қатысушылары екі номинация бойынша гран при және бірінші дәрежелі дипломды жеңіп алды. Сонымен қатар, ұжымды жоғары деңгейде дайындаған Махаббат Баденоваға да Алғыс хат ұсынылды.

Айта кетейік, бүлдіршілер арасындағы жарыс 2018 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. Айтулы жарыста топ жарған балақайларды құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.