БИШІЛЕР ЖЕҢІСІ

0

«Өнер-Академия Қордай» өнер және шығармашылық орталығы жанындағы «Бану Тұрғымбаева би мектебі» 8-12 шілде аралығында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында «AZERBAIJAN GRAND FESTIVAL-2024» атты ІІ Халықаралық өнер байқау-фестиваліне қатысып лауреат атанды.

Би мектебінің көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Тұрғымбаева Бану.

Қазақстан атынан өнер көрсеткен конкурс қатысушылары өздерінің жоғары кәсібилігін көрсете білді. Олар Дарина Морозова, Айару Сарсенбай, Жансель Нариманқызы, Маргарита Морозова, Адина Төлеген, Ақнур Топчакова, Адия Талғат, Альмира Санат, Ляйля Ешмет, Айлана Білісбек.

Конкурс қорытындысы бойынша «Гүл-Бану» және «Томирис» ансамбльдері «Тәуелсіздік ұрпақтары» биімен Гран-при жеңіп алса, қазақтың «Қамажай» биімен 3-орынды, Дарина Морозова жеке орындаудағы «Шебер қыз» биімен 1-орынды, Альмира Санат жеке орындауындағы «Томирис» биімен және «Девика» үнді биімен 2-орынды, Адина Төлеген жеке орындауындағы өзбектің «Қызыл алма» биімен 1 орынды жеңіп алды.

Мектеп қатысушылары жоғары кәсіби шеберлік пен өнер көрсетті. Бұл жетістік олардың таланты мен күш-жігерін мойындау деп білеміз. Үлкен қуанышпен қордайлық жас жұлдыздарды жеңісімен құттықтап, бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.