«БІЗ – ТАЗАЛЫҚТЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!»

0

Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасын табуда.

Степное ауылдық округінде Степное, Арал және Қалғұты ауылдарында жол жиектері тазартылып, орталық саябақ аумағындағы қураған шөп, күн сайын Қалғұты және Арал ауылдарына кіре беріс жол жиектері күл-қоқыстан тазаланады.

***

Алға ауылы (Алға ауылдық округі) республикалық маңызы бар жол бойында орналасқаны белгілі. Сондықтан мұндағы жол бойындағы тазалық мәселесі аса маңызды. Алғалықтар күн сайын ауыл аумағын тазалау жұмыстарын ұйымдастырып, ауыл көшелері мен балалардың ойын алаңшаларын қоқыстан тазартып тұрады.

***

Кенен ауылдық округіндегі де республикалық акцияға белсенді қолдау танытуда. Кенендіктер осы жолы ауыл көшелерінің бойындағы қураған шөптерді шауып, су құбыры құдықтарының люктерін ауыстырды.

***

Масаншы ауылдық округінің Күнбатыс-2 ауылының қоғамдық жұмысшылары ауыл ішіндегі барлық көшелерді тазалап, шілденің аптап ыстығында қурап кеткен шөптерді шауып, қураған ағаш бұталарын кесіп, қоқыстарды жинап шықты.

***

Республикалық акцияның өткізілуіне Қарасай ауылдық округінің мекемелері белсенді атсалысуда. Мәселен, абаттандыру жұмыстарын жалғастыра отырып, гүлзарларды ретке келтіріп, ағаштардың қураған бұталарын кесті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.