Болашағымыз үшін

0

Әрбір қазақстандық өзінің жеке сеніміне сүйене отырып, шешім қабылдауы керек деп санаймын. Әрбір дауыс маңызды және біз жарыстарда жеңіске жетуге ұмтылғандай, болашағымыз үшін де осы маңызды мәселеде белсенділік танытады деп сенемін. Президентіміздің елдің ертеңгі болашағы үшін жасап жатқан бұл қадамы өте орынды деген пікірдемін. Сайлау әр азаматтың біріншіден жауапкершілігін көрсетеді. Ал, спортшылар үшін бұл жауапкершіліктің салмағы ауыр. Себебі біз әлемдік деңгейде елдің атын танытып, туын көкке көтереміз. Бүгінгі күні елде спортшыларға барлық жағдай қарастырылған. сондықтан мемлекетіміз қарыштап дамып, өркендей берсін дегім келеді.
Қазбек САҒЫН
халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Leave A Reply

Your email address will not be published.