Құрметті, Қордай ауданының тұрғындары мен қонақтары, Қордай ауданы аумағы бойынша 2023 жылдың маусым айының 6-9 күндері аралығында «Борышкер-2023» акциясы жүргізілуде. Осы акция барысында Қордай АПБ-нің қызметкерлері және аудандық жеке сот орындаушылары бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Сол себептен, Сіздерден, салынған айыппұлды уақытысында 204106 есеп шотына төлеулеріңізді сұранамыз. Әкімшілік айыппұлды төлегеннен кейін, айыппұл төленгені туралы түбіртекті Қордай ауылы, Төле би көшесі 61 мекенжайы бойынша орналасқан Қордай АПБ-нің әкімшілік полиция бөліміне алып келулеріңіз қажет.
Р.АБДУЖАЛИЕВ,
Қордай аудандық ПБ-нің ӘПБ ӘТТ бастығы, полиция майоры