«БОРЫШКЕР-2024» ПРОФИЛАКТИКАСЫ

0

Әкімшілік істер бойынша қабылданған айыппұл салу туралы қаулыларды уақтылы орындау мақсатында Жамбыл облысы ПД-мен облыс аумағында 2024 жылдың қазан айының 30 жұлдызынан қараша айының 3 жұлдыздары аралығында «Борышкер-2024» профилактикалық іс-шарасын өткізеді. 

 

Осы іс-шара шеңберінде жолдарда прокуратура, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат кұралдарымен бірлесе отырып, борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізілетін болады.

ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының талаптарына сәйкес, азаматтардың әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын қысқартылған ic жүргізу тәртібімен төлеуге құқықтарыңыз бар екендігіңізді хабарлаймыз.

Бұл құқық пайдаланылмаған жағдайда толық соммаға ауысады, бірақ отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге мүмкіндіктеріңіз бар. Өзге жағдайда, айыппұл салу туралы қаулы атқарушылық тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберілетіні туралы естеріңізге саламыз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.