Құрметті, Қордай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Қордай ауданы аумағы бойынша 2026 жылдың қаңтар айының 21-23 күндері аралығында «Борышкер-2026» акциясы жүргізіледі. Осы акция барысында Қордай АПБ-нің қызметкерлері жәнеаудандық жеке сот орындаушылары бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.
Сол себептен, Сіздерден, салынған айыппұлды уақытысында №204106 есеп шотына төлеулеріңізді сұранамыз. Әкімшілік айыппұлды төлегеннен кейін, айыппұл төленгені туралы түбіртекті Қордай ауылы, «Батыс» ықшам ауданы, №17 жаңа полиция бөліміне, әкімшілік практика тобына алып келулеріңіз қажет.
Қордай АПБ-нің ӘПБ