Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Қордай су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (1 бірлік) лауазымына конкурс жарияланады.
Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
2) мамандығы бойынша техникалық ғылымдар және технологиялар саласы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы немесе құқық саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бос тұрған «Қордай су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды
080400,Қордай ауданы,Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 242, анықтама үшін телефон: 8 (72636) 2 11 19, 2 10 50, (kordai_jkx@mail.ru, otdelkadr17@mail.ru)
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Қордай су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (1 бірлік).
Кәсіпорын қызметінің түрлері, нысанасы мен мақсаттары:
Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы және жергілікті инфроқұрылымның өзге де өмірлік қамтамасыз ету жүйелері саласында шаруашылық қызмет атқару болып табылады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өз қызметін:
-Суды жинау, өңдеу және бөлу;
-Кәріз жүйесі;
-Басқа санаттарға енгізілмеген өзге кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
-Механикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
-Су құрылыстарын салу;
-Жер жұмыстары;
-Сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау;
-Өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары;
-Су тартқыштарды қосқанда, магистральды және басқа да құбырларды пайдалану.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
конкурсқа қатысу туралы өтініш;
мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
еркін нысанда жазылған өмірбаян;
білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, күнтізбелік он күн ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 242, мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде әңгімелесуден өтеді.
Аталған лауазымға үміткерлер үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.