28 шілде күні Қордай ауданы бойынша мансап орталығы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып, жастар арасында жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеге 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар, оқуын жаңа аяқтаған түлектер қатысты.
Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 40 мекемеден түскен 215 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде: білім саласы бойынша 24 бос жұмыс орны, денсаулық сақтау бойынша 16, заң саласы бойынша 3, әртүрлі жұмыстарға 172 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 6 мекеме қатысып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді. Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 60-тан астам азаматтың ішінен 2 азамат шекара қызметіне сұхбатқа, 6 азамат тұрақты жұмысқа, 2 азамат алғашқы жұмыс орнына және тамыз айынан 15 адам 1 айлық маусымдық «Жасыл-ел» бағдарламасымен, сонымен қатар жастар практикасы жобасы бойынша 30 адам жұмысқа жолданды және барлық жұмыссыз азаматтар бос жұмыс орындарымен танысты.
Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді. Оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқу, алғашқы жұмыс орны, жастар практикасы, солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.