2023 жылдың 21 тамызында Қордай ауданының прокуратурасы мен «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильді орталығы» КММ-нің Қордай ауданы бойынша Мансап орталығының ұйымдастыруымен алимент бойынша 3 айдан астам берешегі бар жұмыссыз азаматтарға, Пробация есебінде тіркеуде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жұмыссыз азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді. Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 66 мекемеден түскен 255 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде: білім саласы бойынша 139 бос жұмыс орны, денсаулық сақтау саласы бойынша 29, заңгер 2, экономика саласы бойынша 2 және әртүрлі жұмыстарға 83 бос жұмыс орны ұсынылды.
Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 3 мекеме қатысып, бос жұмыс орындары жайлы мәлімет берді. Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 30-дан астам азаматтың ішінен 14 азамат сұхбаттасуға жолданды, 2 азамат тұрақты жұмысқа, 3 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға және барлық жұмыссыз азаматтар бос жұмыс орындарымен танысты.
Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді. Оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқу, алғашқы жұмыс орны, жастар практикасы, солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.