Бюджет және даму жоспары

0

Бейсенбі күні аудандық мәслихаттың алпыс екінші сессиясы өтті. Оған ауданды мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов төрағалық етті.

Сессия жұмысына депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты. Депутаттар «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы No 55-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені қарап, бұл туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева баяндама жасады. Одан кейін Қордай ауданын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарына енгізілген өзгерістер және толықтырулармен таныстырды. Барлық талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.