18 желтоқсанда аудандық мәслихаттың сессиясы өтіп, оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді. Сессия жұмысына депутаттардан бөлек, ауылдық округ әкімдері қатысты. Бірінші сұрақ бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева ауылдық округ бюджеттеріне енгізілетін өзгерістерді ұсынып, мәселені жан-жақты талқылаған депутаттар бірауыздан қолдады. Келесі кезекте аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбайдың 2024 жылға Қордай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.