COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары туралы

0

Ағымдағы жылдың 23 маусымында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 10 жаңа жағдайы тіркелді.

Атап айтсақ, барлық оқиға Тараз қаласының 26 мен 69 жас аралығындағы тұрғындарынан анықталған.

Олардың ішіндегі 26 жастағы әйел мен 64 жастағы ер адам дене қызуының көтерілуі, жөтел мен әлсіздікке қатысты шағыммен емханаға жүгінсе, үш науқастың эпидемиологиялық тексеріс кезінде дертке шалдыққандығы расталған. Нақтырақ айтсақ 34 жасар әйел медицина қызметкері ретінде, 69 жасар ер адам жоспарлы операция, 56 жасар әйел басқа қалаға жүрер алдында тест тапсырған. Қауіпті инфекцияны анықтау кезінде науқастардан ауру белгілері байқалған.

Қалған тұрғындардың індетті жұқтырғандықтары эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған. Олардың арасында бір зейнеткер, «Ауыл береке» және «Бек» базарының екі сатушысы бар.

Барлық науқастар инфекциялық стационарға жеткізілді. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 23 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 626 жағдайы тіркелген. Сондай-ақ, өткен тәулікте жалпы статистикаға кірмейтін 40 симптомсыз тасымалдаушы анықталған. Өңірде барлығы 384 симптомсыз тасымалдаушы бар.

Барлық індет жұқтырғандардың 402-сі емделіп, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.