ЦИФРЛАНДЫРУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДАҒЫ ЦИФРЛЫ ИННОВАЦИЯЛАР

0

Мемлекеттік қызметті басқарудағы цифрлы инновациялар: үрдістер мен үздік тәжірибелер» атты халықаралық онлайн кон¬фе¬ренцияға Еуропа мен Азияның түрлі елдерінен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардан 100-ге жуық адам қатысты.
Бұл – Астана мемлекеттік қызмет хабы Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігі, еліміздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстанның HR-менеджерлері қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған, жыл сайынғы үшінші онлайн конференция, онда мемлекеттік қызметтің өзекті тақырыптары талқыланады.
«Бүгінде мемлекеттік қызмет менеджменті заманауи технологиялар мен басқарудың жа¬ңа әдістерін қолданады, бұл оның икемді, азаматтарға бағдарланған және ашық болуына мүмкіндік береді», деді Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Байменов.
Ол елдер арасында білім мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрландыру және мемлекеттік қызмет менеджменті бойынша әлем мойындаған көшбасшы Корея үкіметіне өз тәжірибесімен бөлі¬суге үнемі дайын екендігі үшін алғыс білдірді.
Корея Республикасы Пер¬соналды басқару министрі Ким Сон Хо мемлекеттік қызметке цифр¬лы инновацияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінде біз COVID-19 өр¬шуімен жеделдетілген сандық трансформацияның үлкен толқынына тап болдық. Біздің минис¬трлік жасайтын цифрлы реформалар, оның ішінде e-Saram әзірлемесі корей үкі-метінің негізгі саяси міндеттерінің бірін іске асыруға, атап айтқанда әлемдегі барлық деректерді біріктіретін үздік сандық платформа құруға ықпал етеді», деді ол.
Министр сондай-ақ, оның ведомствосы мемлекеттік басқаруды дамытуға бел¬сен¬ді үлес қосып, білген-түйгендерімен халықаралық қоғамдастықпен бөлісуді жалғастыратынын, атап айтқанда, Астана мемлекеттік қызмет хабын қолдайтынын және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтатынын атап өтті.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов отандық мемлекеттік қызметтің цифрландыру саласындағы же-тістіктерімен бөлісті, сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін осындай іс-шараларға қатысудың маңыздылығын атап өтті.
Конференция барысында Оңтүстік Корея спикерлері e-Saram платформасын таныстырып, Корея Республикасы персоналды басқару министрлігінің жылдық есебінің түйіндемесін ұсынды.
Бельгияның озық тәжірибесін BOSA федералды мемлекеттік қызметі цифрлы трансформация басқармасының өкілі баяндады. Сонымен қатар Грузияның Мемлекеттік қызмет бюросы, Қазақстанның Мемлекеттік қызмет агенттігі және Өзбекстанның мемлекеттік қызметті дамыту агенттігінің спикерлері мемлекеттік қызметті цифрландырудың бағыттары, қазіргі сынтегеуріндер мен перспективалар туралы айтып берді. Қырғызстанның Мемлекеттік қызмет істері және жергілікті өзін өзі басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігінің спикері Sanarip Aimak платформасы туралы айтып, өз елінің тәжірибесіне тоқталды. Семинарда айтылған маңызды идеялардың бірі цифрландыру дәуірінде бірінші кезекте адамдардың мүдделеріне ерекше назар аудару болды.
Аталған елдердің тәжірибесі конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл пандемия кезінде әлемде мемлекеттік қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету үшін цифрлы инновациялардың маңызы едәуір артқандығына байланысты.
Барлық спикерлер сондай-ақ хабтың озық практикаларды ілгерілетудегі, қатысушы елдер, әріптестер және сарапшылар қауымдастығы арасында тәжірибе мен білім алмасудағы рөлін ерекше атап өтті. Хаб өз кезегінде қатысушы елдер мемлекеттік орган¬дарын мемқызметті инновациялық дамы-туда және адам ресурстарын басқару тиімділігін арттыру үшін цифрлы құралдарды іздеуге бағытталған күш-жігерін қолдауда белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыруда.

10 СТАРТАП-ЖОБА
Нұр-Сұлтанда Demo Day аясында ірі инвесторларға үздік стартаптардың таныстырылымы өтіп, Kazakhstan Digital Accelerator акселерациялық бағдарламасының үшінші легі қорытындыланды.
KDA үшінші легінің стартаптары білім, денсаулық, экология, маркетплейс, электрондық коммерция, автоматтандыру және туризм саласы бойынша шешімдер ұсынды.
Жеңімпаздар қатарына МИБ-ке өту және тұрғын үйлерді басқаруға арналған онлайн-сервис (E-Knot), ілім курстары мен репетитор таңдау бойынша сервис (Oilan), жұмысшының психофизиологиялық жағдайын нейрондық желі арқылы талдау (Dicom Research), қашықтан оқыту үшін виртуалды сыныбы бар мобильді қосымша (FocusEd), киім-кешегіңді сату және сатып алу платформасы (Garderob) ілікті.
Сонымен қатар банктер мен оның өнімдері туралы ақпарат жинақталған B2C қаржы сервисі (ReCard), Алматы және Нұр-Сұлтанда өтетін спорттық іс-шаралар платформасы (Move On), Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында персонал іздеу, таңдау және жалдау бойынша қосымша (Isker), балалар мен жасөспірімдерге арналған онлайн-мектеп (Welldone School) және адамдарға ұйықтауға көмектесетін музыка мен дыбыстар қосымшасы (Smoothly) сияқты стартаптарға назар аударылды.
Барлық жеңімпаздар жобаларын дамыту үшін 50 мың долларға ие болды.
Іс-шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «НҰХ «Бәйтерек» АҚ, Quest Ventures сингапурлық қоры және QazTech Ventures компаниясы, Astana Hub және «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзара ынтымақтастығының арқасында жүзеге асты.
Іс-шара аясында ҚР ЦДИАӨМ мен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ арасында еліміздің венчурлық нарығын дамытуға, отандық стартаптарды қолдайтын осындай акселерациялық жоба жасауға бағытталған Меморандумға қол қою салтанаты өтті.
«KDA бағдарламасы еліміздің стартап экожүйесін және венчурлық индустриясын дамыту барысында оң нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда стартап-қауымдастыққа, әсіресе бастапқы шағында, мемлекет тарапынан қолдау көрсету аса маңызды», — деді ҚР ЦДИАӨМ бірінші вице-министрі Жаслан Мәдиев.
Айта кетсек, акселерациялық бағдарламаның үшінші легінде іріктеуден өткен 19 стартап-жоба иелері үздік халықаралық менторлар мен тәжірибелі сарапшылардан тәлім алу мүмкіндігіне ие болды. Серіктестердің қатарында Carro (unicorn), Populix, Chocofamily, I2BF, HappyMarketer, Amazon Web Services, ScaleUp Malaysia, Chocofamily, SmartSatu, Paladigm Capital, Clockster, Cerebra, CTOgram және т.б. компаниялар бар.
Жалпы, 2020-2022 жылдар аралығында KDA бағдарламасының 3 легі жүзеге асып, 300-ден астам өтініш қабылданып, 39 жоба оқудан өтіп, 30 жоба инвестицияға ие болды.
Еске салсақ, Kazakhstan Digital Accelerator — бұл «QazTech Ventures» АҚ («Қазына капитал менеджмент» АҚ еншілес ұйымы) мен Quest Ventures сингапурлық қордың өзара ынтымақтастығы аясында іске қосылған халықаралық акселератор.

ҚР Цифрлық даму,
инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.