ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «СҚ-Фармация» Басқарма төрағасы Ерхат Искалиев мемлекет кепілдік берген тегін көлем (ТМККК) шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы әңгімеледі.

Ол өз сөзінде соңғы жылдары халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көзделген денсаулық сақтау бюджетінің өсуі байқалатынын атап өтті.
«Осылайша, 2022 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік бюджетінің шығындары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өсті. Бұл ретте әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде амбулаториялық дәрімен қамтамасыз етуді (АДҚ) қар-жыландыру ағымдағы жылы 46%-ға артты. Мемлекет жыл сайын нозологияларды қамтуды және дәрілік заттарды тегін негізде алатын адамдардың санын ұлғайта отырып, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған қаржыландыруды ұлғайтады. Бірыңғай дистрибьютормен 2 мыңнан астам медициналық ұйым дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі және 5 млн-нан аса пациент сатып алынатын дәрі-дәрмектерді алушы болып саналады. Сатып алу алдын ала жүргізіледі, ал келесі жылға арналған дәрі-дәрмектер биыл сатып алынады», деді ол.
Медициналық ұйымдар 2022 жылға 1 610 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қажеттілігін мәлімдеген.
«Бір жыл ішінде барлығы 189,9 млрд теңге үнемделді. Бұл ретте үнемделген бюджет қосымша сатып алуға бағытталады. Бұл пациенттердің көбін тегін дәрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай нәтижеге сатып алуды орталықтандыру және барлық өңірден қажеттілік көлемін шоғырландыру ықпал етті. Медициналық ұйымдарда, Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында және жеткізушілерде әрдайым дәрі-дәрмектердің төмендетілмейтін қалдығының бекітілген деңгейі болады. Сатып алынатын дәрі-дәрмектердің жалпы санының 25%-на дейінгі кө-лемде төмендетілмейтін қорды қалыптастыру маңызды шара болды. Бұл өз кезегінде, дәрі-дәрмектерді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге, халықтың қажеттіліктеріне жедел әрекет етуге, жеткізілім циклін оңтайландыруға және есеп пен жоспарлаудың дәлдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Басқарма төрағасы.
Бұдан басқа, елдің медициналық ұйымдарына кесте бойынша КВИ емдеу хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмектер үздіксіз жөнелтіледі және айлық қор қамтамасыз етіледі. Оның сөзіне қарағанда, 2022 жылдың басынан бастап стационарлық көмек шеңберінде медициналық ұйымдарға 6,39 млрд теңге сомасына дәрі-дәрмектер жөнелтілді.
«Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде COVID-19-дың жаңа нозологиясы енгізілді және емханаларға дәрі-дәрмектердің 5 түрі – қызуды төмендететін дәрі-дәрмектер мен антикоагулянттар жөнелтілді. Республика емханаларына 2,15 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер жеткізілді. Логистика жүйесі жеткізудің жаңа алгоритміне көшті, формат статикалық жүйеден динамикалық форматқа өзгертілді. Дәрі-дәрмектерді тасымалдауға арналған қашықтықты төрт есеге қысқартып, жеткізілімнің жеделдігі мен уақтылығын күшейте алдық. Форс-мажор жағдайында мұндай тәсіл – жеткізілімнің бұзылу қаупін азайтады, жеткізілімнің әр буынының үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы қазақстандық фармацевтика өнеркәсібінің әлеуетін дамытуға зор мән беріп, 2025 жылға қарай Қазақстанның фармацевтика нарығындағы отандық өндірістің үлесін 50%-ға дейін арттыруды тапсырды», деді «СҚ-Фармация» басшысы.
Үкімет осы көрсеткішке қол жеткізу жөнінде бірқатар шара қабылдауда. Атап айтқанда, назарды медициналық бұйымдардан дәрілік заттарға арналған ұзақ мерзімді шарттарға аудару, Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді шарттардың жобаларын іске асыру, R&D орталықтарын құру, ұзақ мерзімді шарттар жасасу мақсатында бірегей дәрі-дәрмектерді шоғырландыру, қымбат инновациялық дәрі-дәрмектерге ұзақ мерзімді шарттар жасасу.
«Кәсіпкерлік бастаманы қол¬дау мақсатында сатып алу қағидаларында отандық тауар өндірушілермен 10 жылға ұзақ мерзімді шарттар жасасу рәсімдері бекітілді. Бүгінде Бірыңғай дистрибьютор 804 дәрі мен 3 944 медициналық бұйымдарды жеткізуге 34 қазақстандық өндірушімен 10 жылға 92 оффтейк келісімшарт жасасты. 2021 жылы жергілікті өндірушілерден антиковидтік вакциналарды сатып алуды ескере отырып, жалпы көлемде сатып алу үлесі 41%-ды құрады. Отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті қол¬даудың нақты шаралары іске асырылды – ұзақ мерзімді шарт жасасуға өнім берушілерді іріктеу өлшемдері қайта қаралды, R&D орталықтарын құру, қымбат инновациялық дәрі-дәрмектерге ұзақ мерзімді шарттар жасасу, қайталама қаптамаға шығарылған қазақстандық сертификатты алу мүмкіндігі, стратегиялық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін ұлттық тіркеу рәсімдерін сақтау, кластерлік бастаманы дамыту (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалалары). Әрине, Бигфармның ірі ойыншыларымен өзара әрекеттесуге ерекше көңіл бөлінеді және бүгінде РОШ, Новонордиск, АстраЗенека, Сандоз, Такеда сияқты жаһандық фармацевтика алыптарымен бірқатар жоба жоспарланған. Қазіргі уақытта РОШ компаниясымен Қазақстанның білім беру және ғылым саласындағы флагманы саналатын Назарбаев университеті базасында зертханалық диагнос¬тика бойынша инновациялар орталығын құру жөніндегі жоба іске асырылуда. Сондай-ақ Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі РОШ компаниясымен онкологияға қарсы дәрі-дәрмектердің бірлескен өндірісін ашу бойынша меморандумға қол қойды», деді ол.
Айта кететін жайт, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Бірыңғай дистрибьютор базасында медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Медициналық техниканы орталықтандырып сатып алуды екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. I кезең – 2022 жылы медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру (қанатқақты жоба) және II кезең – 2023 жылдан бастап жергіліктендіру/келісімшарттық өндіріс шарттарында ұзақ мерзімді шарттар жасасу, өмірлік цикл келісімшарты. Бүгінде медициналық техниканың ірі әлемдік өндірушілерімен жергіліктендіру/келісімшарттық өндіріс мәселелері белсенді түрде пысықталуда. Canon, Philips, General Electric және басқа компаниялар өндірісті шоғырландыруға қызығушылық танытты. Осының барлығы медициналық техниканы сатып алуды жоспарлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, қажетті медициналық жабдықпен жарақтану деңгейін арттыруға, сатып алуды шоғырландыру және техникалық тапсырманы біріздендіру есебінен оның құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ сервистік қызмет көрсету мен кадрларды оқыту сапасы артады, медициналық техника нарығында отандық тауар өндірушілердің үлесі артады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.