Дәрігер болсаң Жапардай бол

0

Тіс емханасының табалдырығынан аттағаннан –ақ мұнтаздай тазалық көзге ұрады. Әр зат өз орнында тап-таза күйінде сақталған . Осы бір ақжарқын да қарапайым еңбек иесімен жүздескен сайын өзіңді де өзгені де сыйлай білетін ілтипат лебі есіп тұрғандай сезіледі.

«Ләззат» тіс емханасында бөлім меңгерушісі Жапар Талдыбаев бірнеше жылдан бері тіс дәрігері болып қызмет атқарып келеді. Өзі жылы жүзді, өте кішіпейіл, кәсібіне жауапкершілікпен қарайтын ізденімпаз жан. Оны қашан болсада қауырт жұмыс үстінде көреміз. Заман ығына қарай көп адамның пейілі тарылып мейірбандық деңгейі ортая бастағанда тұрмыстың ауыртпалығы түрлі пендешілікке бастайтындығы белгілі. Әйтседе адамгершілік қасиетіне кір шалдырмай сол бұрынғысынша жүрегі мейірім шуағына молынан малынып, айналасын нұрға бөлеп жүрген жандар да ортамызда жетерлік. Кісіге ешбір қиянаты жоқ , қайта қолдан келсе демеп жіберуге әзір тұратын осындай мейірімді жандар арамызда мол болса екен.
Кезекте отырмыз, адамдар көп екен . Ақ сары, орта жастан асып қалған азаматша: «Айналайын өркенің өскір бала екен, тістерімді жақсылап салып берді», деп ризашылықпен әңгімесін бастады. «Өңі жылы екен, қазақта мақал бар емес пе, өңі жылыдан түңілме. Сол айтқандай мына жігіттің адамды жылы жүзбен қабылдап алуынан-ақ көңілің толып отырғаны» – дегені бар.
Кезектегі отырғандардан естігеніміз тек қана алғыс сөздер болды. Еңбек сүйгіштігімен көзге түсіп жүрген дәрігерге жұртшылық дән риза. Өнегелі отбасының ұйытқысы, өз кәсібінің білгір маманы, дәрігер Жапар Талдыбаевқа еңбегі жанып, биіктерден қөріне берсе екен дейміз.

Зинахан НАРТБАЕВА,
кітапханашы, Қордай ауылы

Leave A Reply

Your email address will not be published.