Біздің әрқайсымыз өмірімізде дәрі қабылдадық – кейде дәрігердің тағайындауымен, кейде өз бетімізше. Алайда кез келген дәрі дұрыс қолданылмаса, пайдасынан зияны көп болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және халықаралық медициналық қауымдастықтардың ұсынымдары бойынша,
дәрілік заттарды қауіпсіз қолданудың басты қағидалары қарапайым:
Дәріні тек дәрігердің тағайындауымен қабылдаңыз.
Өзін-өзі емдеу – қауіпті. Тек дәрігер ғана сізге қажетті препарат пен оның дозасын дұрыс анықтай алады.
Интернеттегі немесе таныстар арасындағы кеңестерге сенбеңіз.
Әр адамның ағзасы әртүрлі. Біреуге көмектескен дәрі екіншісіне кері әсер етуі мүмкін.
Нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Дозасы, қабылдау мерзімі, қарсы көрсетілімдері мен жарамдылық уақыты – бәрі маңызды.
Жанама әсерлер байқалса, дәрігерге хабарлаңыз.
Бұл тек өз денсаулығыңыз үшін емес, жалпы дәрілердің сапасын бақылауға да үлес қосады.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дәрілерді дұрыс және жауапкершілікпен қолдану асқынулар мен жанама әсерлерді едәуір азайтады. Әсіресе антибиотиктер мен күшті әсер ететін препараттарды өз бетімен қабылдау қауіпті.
Есіңізде болсын: дәрілердің қауіпсіздігі – тек дәрігердің емес, әр адамның жеке жауапкершілігі. Сауаттылық, сақтық және дәрігерге сенім – сіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаудың ең сенімді жолы.