Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Бегзат Болатбековтың төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Оған ауылдық округ әкімдері және бөлім, мекеме басшыларынан бөлек, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылымдық жобалар мен қоғамдық тәртіп мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар, аудан әкімі 6 қазан күні өтетін жалпыұлттық шараға дайындық барысын егжей-тегжейлі қарастырып, маңызды саяси шараны барлық заң талаптарын сақтай отырып, жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Аудан басшысы оның маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушы тараптарды тұрғындармен тығыз байланыста болуға және түсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізуге шақырды.