ДАЛА ӨРТІ ӨТЕ ҚАУІПТІ

0

Дала өрті көбінесе адамдардың әрекеті салдарынан орын алады. Тілсіз жаудың төтенше мінезі табиғат-ананың бар тіршілігін дүрбелеңге салады. Өрескел мінезді өрт қауіпінің көптеген түрлері бар. Құлақтан ұрған танадай тыныштықта тұтанып алып, ауқымды жерді жалмайтын бұл кесапат – отпен болатын абайсыздық.
Жылдың төрт мезгілінде тыным таппайтын төтенше жағдайлар қызметкерлері ірі дала өрттері мен құрғақ шөптің өртенуіне жол бермеу үшін күн сайын мониторинг жасап, өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар шараларды жүргізеді.
— Әсіресе, астық жинау науқаны кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, ауылшаруашылығы жер-лерінде бақылаусыз өрт қоюға жол бермеуге тырысамыз. Бұл мақсатта арнайы рейдтер жүргізіледі. Көбінесе көктемгі және жазғы кезеңдерде алыс жолға шыққан жолаушылар түнгі дала өртін кездестіріп жатады, — дейді мамандар.
Айта кету керек, құрғақ шөпті бақылаусыз өртеу тікелей өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзу болып табылады. Оның салдары ірі дала өрттеріне алып келуі ықтимал. Әсіресе, шөп қураған кезде бұл үлкен қауіпке ие. Мұнымен қоса, табиғи факторлар өрттің үстіне май құйғандай әсер қалдырады. От бақылаудан шығып кетіп, үлкен аумаққа жылдам таралады. Тағы бір қиындық түрі – күрделі жер бедері. Таулы жерлерде немесе күрделі дала учаскелеріндегі өрт ошағына арнайы техникалардың жетуі тек қиындай түседі. Тағы бір қиындық – су көздерінің шалғайда болуы. Сондықтан даладағы өрт барысында адамдар техникамен емес, қара күшке жүгінеді. Даладағы өрт арқаға асылатын су толтырылған ыдыс арқылы жерді сулап сөндіріледі. Алайда, көптеген жағдайларда су көздері мүлдем болмай жатады. Автоцистернаны толтыру үшін арнайы көліктер ондаған шақырымды басып өтеді. Адамзат баласының аяқ баспайтын жері кем де кем. Жүрген жеріне қоқыс тастап, не болмаса темекі отын сөндірмей лақтыра салу әдеті үлкен қауіпке әкелуі мүмкін

Leave A Reply

Your email address will not be published.