ДАЛА ӨРТІНІҢ ҚАУІПІ

0

Қазіргі таңда аудан көлеміндегі ең маңызды мәселелердің бірі — жаз айы мезгіліндегі дала өрттерінің қауіпсіздігін сақтау болып отыр.

Бұл ұғымға барлық орман өрттері, дала және егін алқаптарындағы өрттер жатады. Негізінде, өрттердің 80% халықтың еңбек ету және демалу орындарында өртпен абайсыз болуынан және жарамсыз техниканы қолданудан туындайды. Сондай-ақ, дала өрттері сырттан келген себептерден болады. Дала өрттерінің пайда болуына бірден-бір себеп, ұзақ уақыт бойы жауын-шашынның болмауы, күннің аптап ыстығы мен желдің қатты соғуы және адамдардың от ошағын сөндірмеулері салдарынан болады.

Дала өрттеріне жол бермеу үшін далада отты барынша абайлап қолдану керек және бұны басқалардан да талап ету қажет. Өрт қаупі кезеңінде далада от жақпаңыздар, сөндірілмеген темекі тұқылдарын және сіріңкелерді тастамаңыздар!

Далалық жерлерде өрт тұтанғанын байқағанда кент, ауылдық округ әкімдіктеріне немесе өрт сөндіру қызметіне (112, 101 байланыс телефонына) уақытылы хабарлау қажет. Ал тұтанудың шағын ошақтарында өздігінен қоластындағы құрал-жабдықтармен сөндіру шараларын қолдану керек.

Дала өрттерін сөндірудің тәсілдері:

— өрттердің шетін шаршып өшіру. Ол үшін ұзындығы 1-2 м бұтақтарды немесе шағын жердің шетінен сырғыта ұрғылайды, оттың жалынын шарпыта сөндіріп, шоқтарды жанып кеткен жерлерге сыпырады. Бұл тәсіл төменгі баяу өрттерді сөндіруде тиімді, себебі олар сағатына 0,5 -тен 1 шақырымға дейін жайылады. 3-5 адамнан тұратын топ 40-50 минуттың ішінде 1000 м дейін жайылған өртті сөндіре алады;

-төменгі өрттің шетіне күрекпен топырақ лақтырып сөндіру тәсілін қолданғанда, жалын механикалық жолмен басылып, жанғыш материалдар суықтатылады, оларға ауаның баруы шектетіледі. Бұл тәсілмен құмды, топырағы бар жерлерде жеңіл өрттер сөндіріледі. Бір адам жарты сағаттың ішінде өрттің 20 метрдей шетін топырақпен жаба алады;

-шамалы отты аяқпен де таптап тастауға болады;

-егер жақын маңда су болса және оны әкелетіндей ыдыс болса, өртті сумен сөндіру қажет. Ең маңыздысы- жануды немесе түтіннің иісін уақытында байқау, оттың жүру бағытын анықтау керек.

Дала өрті жақындауының белгілері:

-желмен келген (түтін) иісі;

-орман алқабының үстінен төселген тұман тәрізді түтін;

-көкжиектің бір нүктесінде түнгі жарқырау, біртіндеп жан-жаққа таралып жатады, құстардың, жәндіктердің мазасыздануы, жануарлардың бытырап қашуы.

Өрт туындағанын байқасаңыз келесі әрекет жасауыңыз қажет:

-үрейге бой бермеңіз, сабыр сақтаңыз;

-биіктеу жерге немесе ағаштың үстіне шығып өрт ошағының шекарасын анықтаңыз;

-өрттің шамамен жылжу бағыты мен жылдамдығын ескере отырып, эвакуациялану жолын анықтауға тырысыңыз;

-өрттен жел соғып тұрған жаққа қарай, оттың ошағын айналып өтіп ығына қарай шығуға тырысыңыз;

-егер мәжбүр болсаңыз, өрттен болып жатқан жер деңгейінен жоғары төбелерде, батпақ далаларда, биік шоқырлардың үстінде жасырынуға болады. Адам бір себептермен оттың ошағында қалған жағдайда, келесі әрекет жасау

қажет:

— өзінің маңайында мүмкіндігінше мол аумақты шөп, жапырақ, бұлақтардан және т.б. тазалау;

-жанғыш және тез тұтанғыш құрал жабдықтардан құтылу керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.