ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА

0

10 маусым күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қордай ауданының әкімі Мәден Мұсаевтың «Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері» туралы баспасөз конференциясы өтті. 2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берген аудан басшысы аудан экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасып отырғандығын жеткізді. Жалпы өңірлік өнім 39,5 млрд. теңге болып, экономикалық өсім 116,1%-ды құрады.

Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, салықтық түсім, жалақы, бюджет кірісі артты. Атқарылған жұмыстарға жекелей тоқталатын болсақ:
БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ

2022 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспардағы 9 млрд. 365,5 млн. теңгенің орнына 11 млрд. 88,8 млн. теңгеге немесе 118,4%-ға орындалды. Соның ішінде меншікті кірістер бойынша 2 млрд. 53 млн. теңге қамтамасыз етілді. 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда меншікті кірістер 149,4 млн. теңгеге ұлғайды, өсу қарқыны 107,9%-ды құрады.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспардағы 9 млрд. 530,1 млн. теңгенің орнына 9 млрд. 528,5 млн. теңге немесе 100,0%-ға игерілді.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 9,4 млрд. теңгені (2021 жыл – 8,9 млрд. теңге) немесе нақты көлем индексі 100,3%-ды құрайды, оның ішінде:
— өсімдік шаруашылығының өнімі – 0,3 млрд. теңге (2021 жыл – 0,3 млрд. теңге) немесе нақты көлем индексі 102%-ды;
— мал шаруашылығының өнімі – 9,0 млрд. теңге (2021 жыл – 8,6 млрд. теңге), нақты көлем индексі 100,3% құрайды.
Егін шаруашылығы: Қордай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 609 мың 175 га (оның ішінде: көп жылдық екпелер — 684 га, шабындық жерлер — 9103 га, жайылымдық жерлер – 455 мың 101 га, басқа жерлер – 8 265 га, егістік жерлер – 139 мың 444 га, оның ішінде: елді мекендер жерлері – 3 559 га).
Егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру мақсатында 2022 жылы 131860 га жерге дақылдарды орналастыру жоспарланса, нақты 131 860 га жерге дақылдар орналастырылып, 100 % орындалды (оның ішінде: күздік бидай 22000 га, жаздық арпа 46200 га, дәндік жүгері 8000 га, картоп 3700 га, көкөніс 6750 га, бақша дақылдары 600 га, майлы дақылдар 1270 га, азықтық дақылдар көлемі 43100 га себілді және пар көлемі 7584 га құрады).
Мал шаруашылығы: Аудан бойынша 2022 жылдың 1 маусымына МІҚ – 90,1 мың бас, жылқы – 17,5 мың бас, қой – 514,9 мың бас, ешкі 18,7 мың бас және құстар – 132,8 мың басты құрайды.
Өндірілген ет көлемі (тірі салмақта) – 5153 тн немесе (100%), сүт – 26251 тн немесе (100,1%) және жұмыртқа – 5942,1 мың дана немесе (100,5%).
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 386,6 млн теңгеге барлығы 22 бірлік техника алынды (өз қаражаттарына 21 дана — 375,6 млн теңге, 11 млн. теңгеге – 1 дана техника лизингке).

Аудандағы «Қордай» несие серіктестігі арқылы 7 шаруа қожалықтары — 87,6 млн теңге, «Кең дала» және «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 20 шаруа қожалығы – 348,1 млн. теңге несие алды.
2022 жылы су үнемдеу технологиясын қолдану жоспары — 13430 га. (оның ішінде: тамшылатып суғару – 11717 га, жаңбырлатып суғару – 1713 га) болса, «BIRLIK KORDAI 2021» АШӨК — 300 га, «Азиз» ШҚ -100 га жерге тамшылатып суғару құрылысын және «Жеңіс» ШҚ -20 га жерге жаңбырлатып суғару қондырғыларын орнатты. Аудан көлемінде жоспарланған 600 га су үнемдеу технологиясын енгізу жоспары 420 га орындалды, 13250 га немесе 33,5%.
Мемлекет тарапынан шаруашылықтарға арзандатылған дизель отыны көктемгі дала жұмыстарына 1950 тонна кепілді дизель отыны бөлінді (оның ішінде ақпан айына 650 тонна, наурыз айына 520 тонна, сәуір айына 455 тонна, мамыр айына 325 тонна).
Бүгінгі күнге «Элемир» ЖШС-нан 25 шаруашылық 449,1 тн, «АзияНефтепродукт» ЖШС-нан 28 шаруашылық 507,8 тн дизель отыны алынды (Барлығы 46 шаруашылық 956,9 тн арзандатылған дизель отынын алды).
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 540 млн теңге көлемінде 10 ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне инвест субсидия және 172 шаруашылыққа аммиак селитрасына 364,5 млн теңгеге субсидия төленді.
ҚҰРЫЛЫС
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,2 млрд.теңгені немесе (2021 жыл – 2,1 млрд.тг), нақты көлем индексі 104,2%-ды құрайды.
Аудан бойынша ағымдағы жылы жалпы 15 нысанның құрылыс жұмыстарына 1 млрд 916 млн. 411 мың. теңге бөлініп, (РБ – 1 млрд. 600 млн. 393 мың теңге, ОБ –113 млн. 950 мың теңге, АБ – 202 млн. 068 мың теңге) құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. (оның ішінде 11 нысан өтпелі, 4 жаңа нысан (Аухатты спорт кешені, Қарасу, Қақпатас, Бетқайнар мәдениет үйлері)).
Атап айтқанда:
— 6 көп қабатты тұрғын үйдін құрылысы; (Қордай-6):
— 4 спорттық – сауықтыру кешенінің құрылысы; (Сарыбұлақ, Қарасу, Қарасай батыр, Ауқатты ауылдарында)
— 2 инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым жүйесінің құрылысы (Қордай ауылы «Батыс» ықшам ауданында ВЛ – 35 кВ шағын электрмен жабдықтаудың инженерлік инфрақұрылымның құрылысы; «Жібек жолы» көшесіндегі №1,№2 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым салу);
— 3 мәдениет үйлерінің құрылыстары. (Қаржысы 2022 жылы мамыр айында бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде) (Қарасу ауылында 90 орындық, Бетқайнар ауылында, Қақпатас ауылында мәдениет үйлерінің құрылыстары)
ТҰРҒЫН ҮЙ
2022 жылдың 5 айында пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 18,3 мың шаршы метрді құрап, (2021 жылы – 17,6 мың ш.м.) нақты көлем индексі 103,5% құрайды.
Бүгінгі таңда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өткір болып тұрғаны белгілі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде 2237 азамат кезекте тіркелген.
Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың қорытындысымен кезектілікті 357 – ге азайту жоспарлануда. (6 көп қабатты үйлер (340 пәтер) және асар бағдарламасы аясында 17 үй)
ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ
Қордай ауданында 2022-2023 жылдарға 5 елді мекенді (Еңбек, Қарасай және Ноғайбай, Сарыбастау, Шарбақты) газдандыру мақсатында республикалық бюджеттен 2 жобаға ағымдағы жылға жалпы 888,8 млн. теңге қарастырылып, бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сатып алу конкурстарының нәтижесінде:
1) «Қордай ауданының 3 ауылына (Қарасай, Еңбек, Керу) тартылатын газ құбырын салу. І кезек Қарасай, Еңбек ауылдарына тартылатын газ құбыры» нысаны. (Мердігер – «Алия-Сервис» ЖШС-ы анықталып, келісім шарт жасалды (келісім шарт құны 1479,8 млн теңге), техникалық қадағалаушы — «Тараз-Технопроект» ЖШС (келісім шарт құны 37 млн теңге), авторлық қадағалаушы- «Юг Газ Проект» ЖШС (келісім шарт құны 14,2 млн теңге)).
2) «Қордай ауданының 3 ауылына (Ноғайбай, Сарыбастау, Шарбақты) тартылатын газ құбырын және Шарбақты ауылының ішіндегі газ құбырын салу» нысаны (Мердігер – «Gas Energy Construction» ЖШС (келісім шарт құны 712,6 млн теңге), техникалық қадағалаушы — «Тараз-Технопроект» ЖШС (келесім шарт құны 21,8 млн теңге), авторлық қадағалаушы- «Жамбылагрогазпроект» ЖШС (келісім шарт құны 8,4 млн теңге).
АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Адамның өмір сүру сапасына әсер ететін бірден бір фактор ол – ауыз су екені белгілі. Сондықтан да ауданымызда тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар кезең-кезеңмен шешілуде. Нәтижесінде аудан бойынша 32 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіліп, ауыз сумен қамту үлесі 78 пайызға жетті.
2022 жылы 4,1 млрд. теңгеге ауданның 5 елді мекенінде жаңа ауыз су желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтсақ:
— Қайнар ауылының су құбыры желісінің құрылысына 848,5 млн. теңге, (мердігер «Сәт Сервис» ЖШС (келісім шарт құны 772,4 млн теңге), техникалық қадағалаушы -«Тараз строй контроль» ЖШС (келісім шарт құны 23,7 млн теңге), авторлық қадағалаушы – «Қазақ жобалау» ЖШС (келісім шарт құны 9,1 млн теңге)
— Қарасу ауылының су құбыры желісінің құрылысына 1,1 млрд. теңге. (мердігер – «Тараз Строй 2004» (келісім шарт құны 1742, 1 млн теңге), техникалық қадағалаушы -«Инжиниринг сервис групп» ЖШС (келісім шарт құны 38,9 млн теңге), авторлық қадағалаушы «Архитектор» Құрылыс тобы» ЖШС (келісім шарт құны 16,7 млн теңге).
— Ноғайбай ауылының су құбыры желісінің құрылысына 721,2 млн.теңге. (мердігер «Сәт Сервис» ЖШС (келісім шарт құны 657,1 млн теңге), техникалық қадағалаушы- «Феникс -дорстрой» (келісім шарт құны 20,2 млн теңге) ЖШС, авторлық қадағалаушы- «Бақыт таңы» ЖШС (келісім шарт құны 7,7 млн теңге).
— Сарыбұлақ ауылының су құбыры желісінің құрылысына 761,1 млн. теңге, (мердігер «Мелиоратор» ЖШС (келесім шарт құны 692,9 млн теңге), техникалық қадағалаушы — «Қазақстан эксперт» ЖШС (келесім шарт құны 21,3 млн теңге), авторлдық қадағалаушы – «Казақ жобалау» ЖШС (келесім шарт құны 8,2 млн теңге),
— Степное ауылының су құбыры желісінің құрылысына 749,0 млн. теңге (мердігер «Мелиоратор» ЖШС (келісім шарт құны 681,9 млн теңге), техникалық қадағалаушы — «Құрылыс жоба инжиниринг» (келісім шарт құны 20,9 млн теңге), авторлық қадағалаушы — «Бақыт таңы» ЖШС (келісім шарт құны 8 млн теңге)) қарастырылды.
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ
Ауданда жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 1344 шқ құрайды. Оның ішінде:
— Республикалық мәндегі жолдың ұзындығы 308 шқ оның қанағаттанарлықсыз жағдайдағысы 42 шқ немесе 13,6 %;
— Аудандық мәндегі жолдың ұзындығы 275 шқ оның қанағаттанарлықсыз жағдайдағысы 19,3 шқ немесе 7%;
— Ауылішілік жолдардың ұзындығы 760 шқ оның қанағаттанарлықсыз жағдайдағысы 228 шқ немесе 30 %.
2022 жылы:
«Отар — Гвардейск» 0-2 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге 66,8 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. («Ақжол Сервис 2030» ЖШС);
«Қаракемер-Еңбек-Қарасай» жолдарын орташа жөндеуге 2021 жылға 7,1 млн. теңге бөлінген, 2022 жылға аудандық бюджеттен 107,3 млн. теңге қарастырылып, бүгінгі күнге жұмыстар жүргізілуде (сметалық құны – 274,9 млн.тг).
«Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 337,0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:
— Кенен ауылындағы Жылыбаева, Қашағанова, Еспаева, Кордай, Несепбаева көшелерін орташа жөндеуге 157,7 млн. теңге, (мердігер «Ақжол Сервис 2030» ЖШС);
— Отар ауылындағы Отар-Гвардейск жолы, Керімқұл, Жекенов, Қонаев көшелерін орташа жөндеуге және Қонаев көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолын салуға 99,2 млн. теңге, (мердігер «DL Engineering Group» ЖШС);
— Жаңатұрмыс ауылындағы Жамбыл, Қалманбет, Алмабек көшелерін орташа жөндеуге 80,1 млн. теңге бөлінді. (мердігер Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны).
Сонымен қатар аудандық бюджеттен Өтеген ауылындағы Тілеміс көшесіне 21,4 млн. теңге (мердігер «Ақжол Сервис 2030» ЖШС), Бетқайнар ауылындағы Жеңіс көшесіне 70,6 млн.тг, Жамбыл ауылындағы Елизарова көшесіне 16,5 млн.тг орташа жөндеу жұмыстарына бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде аудандық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы көрсеткіші 94,1%-ға және көше жол желісінің жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі үлесін 72%-ға жеткізу жоспарлануда.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Қордай ауданы бойынша жыл басынан 433 отбасыға немесе 2262 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 71,2 млн. теңге әлеуметтік жәрдемақы төленді.
2022 жылдың 1 маусымындағы ақпарат бойынша ресми түрде жұмыссыздар есебінде 1270 адам тіркелген, 2261 азамат жұмыспен қамту бөліміне қайырылып, әлеуметтік қорғау шараларымен 1722 адам қамтылды (931 азамат 2020 жылдан өтпелі).
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Қордай ауданында 52 медициналық ұйым қызмет көрсетеді (аудандық орталық аурухана-1, аудандық емхана-1, ауылдық емхана — 2, ауылдық аурухана — 3, дәрігерлік амбулатория – 18, фельдшерлік амбулаториялық пункт — 7 және медициналық пункт-13).
2022 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жалпы өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға есептегенде 265 (1,9) промильды құрады, ана өлімі тіркелген жоқ (2021 ж – 0), ал нәресте өлімі 5 жағдайды немесе 5,0 промильды (2021 ж. – 4,4 промиль немесе 5 жағдай) құрады.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Аудан бойынша күндізгі білім беретін 49 мемлекеттік мектепте (оның ішінде: 1 – бастауыш, 8-негізгі, 40 — орта) 30096 оқушы және 13 бастауыш жекеменшік мектепте 1377 оқушы білім алады. Барлығы 31473 оқушы. Аталған мектептердің 23-і мемлекеттік тілде, 2-і ресми тілде, 24-і мемлекеттік және ресми тілде жұмыс жасайды.
Бүгінгі күнге аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен 3-6 жас аралығындағы балалар – 100%, ал 1-6 жас аралығындағы балалар – 97,7% қамтылған.
ЖАСТАР САЯСАТЫ
Ауданда 14 пен 29 жас аралығында 33 476 жастар бар, ол жалпы аудан халқының – 23%-ын құрайды.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 айда 454 жас жұмыспен қамтылды (тұрақты жұмысқа -221 жас, қоғамдық жұмысқа — 62 жас, мемлекеттік органдарға — 118 жас жұмысқа орналасты, «Жастар тәжірибесі» — 53 жас арқылы жұмысқа жолданды). Кәсіпкерлікті қолдау бойынша 182 жас қайтарымсыз грантпен қамтамасыз етілді. (1 272 000 теңгеден).
2022 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға республикалық трансферттен 24 маманға 110268,0 мың теңге және аудандық бюджеттен көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шараларына 80 маманға 24504,0 мың теңге қаражат бөлінді.
2022 жылғы 5 айда 67 маман 20522,1 мың теңгеге көтерме жәрдем ақы алды (оның ішінде: 55 маман-білім беру саласы және 10 маман денсаулық сақтау саласы, агроөнеркәсіптік саласы -1 маман және мемлекеттік қызметшілер -1 маман).
БАЛАЛАР ЖЫЛЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағаны баршамызға аян. Бүгінде балаларды қорғау, өскелең ұрпақтың дамуына жол ашу үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуда. Қордай ауданында балалар жылын атап өту бойынша аудандық іс-шаралар жоспары бекітілген. Балалар жылы аясында а.ж. 55 іс-шара өтіп, оған 32 мыңнан астам бала қамтылды.
Бүгінгі күнге ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға 29 пәтер берілді.
Сондай-ақ, 5 айда «Мейірім» жобасы аясында 102 баланың арнайы шоттарына 2 млн 500 мың теңгеден астам қаражат аударылды.
Жаз мезгілінде 900 бала жазғы сауықтыру лагерімен қамтылады.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ
Ауданда барлығы 59 мәдени ошақтар халыққа қызмет көрсетеді. 2021 жылы барлығы 712 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 56913 көрермен қамтылды.
2021 жылы Отар ауылында 180 орындық және 2022 жылы Жамбыл ауылында 90 орындық мәдениет үйлерінің құрылыстары аяқталып пайдалануға берілді (жалпы құны 448,2 млн. теңге).
Тілдерді оқыту орталығы арқылы 31 топта 387 тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде. (2021 жылы-47 топта 592 тыңдаушы оқыған).
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ
Ауданымызда спорт нысандары қатарының көбеюінің нәтижесінде бүгінде жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындардың саны 53 503 адамға немесе 36,5 пайызға жетті.
Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатын дене спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы ерекше қажеттілігі бар халықтың үлесі 5 айда 12,6%. 1000 адамға шаққандағы халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 43,5%.
Ауданда 5 айда жоспарға сай 151 спорттық іс-шара өткізіліп, 8 922 адам қатысты.
Халықтың табысын, әл-ауқатын арттыру, аудан экономикасын дамыту мақсатында ҚР Президенті, облыс әкімі тарапынан жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бағытында алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.