Бетқайнар ауылындағы елу жылдық тарихы бар №27 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде ұстаздар қауымы, оқушылар, ауыл тұрғындары және демеушілер бірлесіп тамаша мерекелік шара ұйымдастырды. Шара «Роза Люксембург» атындағы совхоздың бастығы болған, ауданның дамуына, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосқан ұлтжанды азамат В.Городецкийдің атындағы музейдің ашылуына орай ұйымдастырылған-ды.
Салтанатты жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, аудандық ардагерлер ұйымының мүшелері, аудандық білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбеков, демеушілер, журналистер мен ауыл тұрғындары жиналды. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл қою рәсімінен басталған шарада мәртебелі меймандар Даңқ аллеясымен жүріп өтті. Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Біржан Әлімбет мектеп директорына картина және Алғыс хат табыстады. Еліне еңбегі сіңген азаматқа деген сый-құрметі үшін педагогикалық ұжымға көптеген алғыс сөздер айтылды. Айтпақшы, мектеп әкімшілігі де қарап қалмады, қонақтар, ардагерлер, белсенділер мен демеушілерге грамоталар табыстады.
-Директорлық қызметке келгеніме бір жылдан асты. «Туған жерге туыңды тік!» бағдарламасы аясында төрт жобаны жүзеге асыруды жоспарладық: үздік түлектер, педагогикалық еңбек ардагерлеріне арналған «Даңқ» аллеясын төсеп, «Ауылдың еңбек ардагерлері» стендін орнатып, В.Городецкийдің фотосуреттері мен бейнематериалдарын жинақтап, музейін ашуды көздедік. Мұның бәрі туған өлкеміз үшін, туған өлкеміздің өскелең ұрпағы үшін. Біз бір отбасының балаларындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ауылмыз,-дейді Аида Бейсебекова.
Директордың сөзін Городецкий музейінің ашылуына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара растады. Қонақтарды бұрынғы және биылғы түлектер қарсы алды. Бірдей ақ көйлек киген, ақ бантик, тіпті бір стильдегі аяқ киім киген қыздар, әдемі киінген салмақты жігіттер «Ардагерлер – алтын тұғыр» атты ескерткіш алдында сапқа тізіліп тұрды.
Шара барысында Отан соғысы жауынгерлерінің ерен ерліктері, оларға деген алғысымыз туралы айтылды. Осы ауылды құрып, гүлдендіріп, артында жеке игілігі үшін ғана емес, өмір сүріп, еңбек етіп келе жатқан нағыз патриоттарды қалдырғандар жайлы сөз етті. Келген жұрт мектеп алдындағы ағаштар саясына жайғасты. 1-сынып оқушысы Әдемі Қайрат ұлттық киіммен әуелете ән шырқады. Бірнеше концерттік нөмір орындалған соң, жиылған қауым мектеп ішіне кіріп, музей есігі алдында қызыл лентаны кесті.
Кабинеттің бір қабырғасы мектеп түлектеріне арналған. Екіншісі – мектептің директоры болған Жұмабай Биғазиевке арналған. Тағы бір бұрышында еңбек ардагерлеріне арналған дүниелер жинақталыпты. Орталықтағы қабырғада совхоз директоры болған Валерий Леонидович Городецкий жайлы құжаттар жинақталған.
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.Үсенғалиева мен тарихшы В.Мұқашева әр стенд, әр экспозиция жайлы әңгімелеп берді.
Ал Валерий Леонидович Городецкийдің ұлы Игорь Валерьевичтің айтқан сөздері баршаны толғандырды. Ол туған мектебінің ұстаздары мен балаларына әкесінің сіңірген еңбегін жоғары бағалап, есте қалдырған еңбектері үшін алғысын білдірді, соның арқасында өзге ауылдастарының да есімі мәңгілікке сақталды.
Сондай-ақ, ауыл тұрғыны Аймахан Көрпелдесов ата мектеп музейіне қазақтың қара домбырасын сыйға тартып, ізгі тілегін жеткізді.
Мектеп қазақтың педагог-ағартушы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, этнограф Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталады. Бала кезінен ол орыс қоғамының зиялыларымен жиі араласып, білімге және өзін-өзі тәрбиелеуге қатты құмарлығын көрсетті. Білімге деген сарқылмас құштарлығының нәтижесінде өз халқына барынша пайда әкелді.
Сан қырлы, дарынды тұлға Алтынсариннің өмірбаяны мектеп фойесінің сәнін келтіріп тұр. Портреттің, сондай-ақ мектеп алаңындағы тәрбиешінің бюстінің қасында жыл бойы алғыс білдірген ұрпақтарының гүл шоқтары қойылған.
Мектеп директоры А.Бейсебекова мектеп музейінің салтанатты ашылуына үлес қосқандарға алғысын айтты. Музейдің ашылуына атсалысқан ардагер-ұстаз З.Қасенова, ұстаздар А.Каликова, Г.Еділбекова, тәлімгер З.Тажиева, Т.Малыбаева, жас маман А.Құралайды ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ, «Жомарт түлек» бағдарламасы аясында осы жобаны басынан аяғына дейін жеткізуге көмектескен түлектеріміз Гайтаран Алиев, Б.Ахметов, Ж.Ещиганов, К.Лаков, М.Далбаев, С.Абиров, Ж.Әлімқұлов, Д.Орумбаева, А.Ахмедовке ризашылығымызды білдіреміз.
Бұдан бөлек, ауыл әкімі Б.Құттықовтың, бұрынғы түлегіміз, іс жүргізуші Б.Алпарованың қолдау көрсеткендеріне қуанып қалдық. Біздің жобаға ардагерлер де қосылды. Ш.Мейірманованың жетекшілігімен ардагерлер кеңесінің төрағалары С.Сабирова мен Х.Кежембаев музейге материалдар жинаса, ардагер ұстаз В.Поддубная да үлкен көмек көрсетті. Тамаша әлеуметтік шараны ұйымдастыруда үш ұрпақ өкілдері жұмылып атсалысты.
Бабалардың ерен еңбегін ұмытпаған адалдықтарыңыз бен таза жүректеріңіз үшін алғыс айтамыз.
Людмила Досембекова