Дауды шешуге Билер көмектеседі

0

Сәрсенбі күні  Қордай ауданы бойынша бастауыш ардагерлер ұйымдары жанынан құрылған Билер кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа әр ауылдық округтің Билер төрағалары, аудандық Сот төрағасы – Е.Ильясов, судья медиатор М.Омарова Аудандық полиция бөлімінен әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы инспекторы  Ы.Каден қатысты.

«Дауларды шешуге Билер кеңесі – тиімді жол» тақырыбында өткен отырыста аудандық Билер кеңесінің төрағасы С.Сайбиров, билер кеңесінің 7 айда атқарған жұмыстары туралы қорытынды есеп берді. Аудандық сот төрағасы Е.Ильясов, аудандық сот жүйесі бойынша медиатор билердің қатысуымен өткен отбасылық құқықбұзушылық мәселелері бойынша атқарылған істер жөнінде баяндады. Аудандық полиция бөлімінің әйелдер құқығы жөніндегі инспекторы Ы.Каден медиация бойынша атқарылған іс-шаралар туралы айтып өтті. Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Жиын соңында семинар-кеңеске қатысушылар Мемлекет басшысы Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылап, бірауыздан қолдайтынын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.