ДЕМОКРАТИЯ НЫШАНЫ

0

Бүгін ауданымыздағы үш ауылдық округтің әкімі тікелей дауыс беру арқылы сайлауға түсуде. Атап өту керек, ауыл басшысын әр тұрғынның өз таңдау құқығын пайдалана отырып, сайлауы алғаш рет жүзеге асырылады.

Анығында, саяси жүйе ауылдық округ әкімдерінің жоғарыдан тағайындалуынан біртіндеп бас тартып келе жатыр десе болады. Осының дәлелі ретінде алдағы сайлау науқанын келтірсе болады.

Бұрында әкімдердің кандитатурасын аудандық әкімдіктер ұсынып, оларды таңдау еркі мәслихат депутаттарына берілген болатын. Шындығын айтқанда, ауыл тұрғындары өз қалауын білдіріп, азаматтық таңдау құқын білдіре алмады. Ал халық қалаулыларымен таңдалған әкім кейбір жағдайда біраз уақыттан кейін басқа лауазымды қызметке ауысып немесе өкілеттігін тапсырып кететіні де бар. Және олардың бұл әрекеті үшін ешқандай жауапкершілік талап етілмейтін. Ал ауылдағы белсенді азаматтардың өзін өзі ұсыну құқығы туралы ештеңе айтылмайтын да.

Бүгінгі сайлауда жерлестеріміз жоғары белсенділік танытып, дауыс беруде.

Әбдібек СЕЙІЛХАНОВ, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Қордай ауданының Құрметті азаматы

Leave A Reply

Your email address will not be published.