«ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»
Қордай ауданына қарасты Жамбыл ауылдық мәдениет үйінде Халықаралық есірткі және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жастарға нашақорлықтың адам денсаулығына, қоғамға және болашаққа тигізетін зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, есірткіге тәуелділіктің ауыр зардаптары мен оның алдын алудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.
Шараға ауыл жастары белсенді қатысып, өз ой-пікірлері мен көзқарастарын ортаға салды. Кездесу барысында салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылып, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.