Салауатты өмір салты – аурудың алдын алу және денсаулықты нығайту мақсатындағы жеке адамның өмір салты. Салауатты өмір салты біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді орындауға, жоспарларымызды сәтті жүзеге асыруға, қиындықтарды жеңуге, қажет болса үлкен жүктемелермен күресуге көмектеседі.
Адамның өзі қолдайтын және нығайтатын мықты денсаулық оған ұзақ және қуанышты өмір сүруге мүмкіндік береді.
Денсаулық – бұл әр адамның және жалпы қоғамның баға жетпес байлығы. Жақын адамдармен кездескенде немесе қоштасқанда біз оларға әрқашан мықты денсаулық тілейміз. Өйткені бұл толыққанды және бақытты өмірдің басты шарты.
Салауатты өмір салты бірнеше компоненттерден тұрады:
- Дұрыс тамақтану. Бұл көптеген шектеулері бар қатаң диета емес, керісінше әртүрлі, теңдестірілген тамақтану.
- Дене белсенділігі. Жасыратыны жоқ отырықшы өмір салты салмақтың тез өсуіне ғана емес, көптеген аурулардың пайда болуына себепші болуда. Сондықтан ыңғайлы әрі көңілді белсенділік түрін табу маңызды.
- Психоэмоционалды жағдай – адам денсаулығының маңызды құрамдас бөлігі. Біздің ғасыр адамның көңіл-күйі мен әл-ауқатына теріс әсер ететін жоғары жүйке кернеуі мен стресстің уақыты болып саналады. Онымен тиімді күресу үшін өзіңізге рахат әкелетін және ішкі ресурстарды толтыратын әрекеттерді таба аласыз.
- Еңбек және демалыс режимін сақтау. Денсаулықты сақтау үшін уақытты дұрыс бөле біліп, еңбек кезеңінен кейін сапалы және толық демалу керек.
- Жаман әдеттерден бас тарту. Темекі, алкоголь секілді зиянды заттарды шектеусіз тұтыну физикалық және психологиялық денсаулықты бұзады. Салдарынан денедегі көптеген органдар соққыға ұшырап, адам осы заттарды қолданған кезде тәуелділік пайда болады. Бұл психоэмоционалды жағдайға әсер етеді.
Денсаулық – әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы әрі толыққанды және бақытты өмірдің негізгі шарты мен КЕПІЛІ. Денсаулық өмірлік міндеттерді сәтті шешуге, қиындықтарды жеңуге, мақсаттарға жетуге көмектеседі. Адам өзі сақтайтын және нығайтатын Денсаулық оған ұзақ және белсенді өмірді қамтамасыз етеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі