Депутаттар белсенді болуға шақырды   

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында атом электр стансасын салу мәселесін жалпыхалықтық референдумға шығаруды тапсырған еді. Дүйсенбі күні АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев ауданымызға іс-сапары барысында Алға және Қасық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. 

Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Онда күн тәртібінде тұрған елімізде атом электр стансасын салу мәселесі жөнінде ой пікірлер тыңдалды. Осы кездесулерде депутаттар АЭС салудың қажеттілігін және оның ел үшін мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Бекболат Серікбекұлының айтуынша, атом электр стансасы бүгінде еліміздің энергия қажеттілігінің 70%-ға жуығын қамтамасыз ететін, бірақ сонымен бірге қоршаған ортаға елеулі зиян келтіретін көмір электр станцияларына тәуелділікті айтарлықтай төмендетеді. АЭС іске қосылуы көмірқышқыл газының және басқа да ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді, бұл елімізде климаттың өзгеруімен күреске қосқан маңызды үлесі болмақ. Жиын барысында азаматтардың алаңдаушылығын тудырған қауіпсіздік мәселелері де талқыланды. «Мұнда халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін және қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейіне ие жаңа АЭС-терін салу туралы сөз болып отыр. Бұл стансалар кез келген төтенше жағдайларда адамдардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы жобаланған», — деп түсіндірді депутат Сәкен Қаланұлы.

Кездесулер қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, олар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Депутаттар диалогтің маңыздылығын атап өтіп, алдағы референдумда әр дауыс елдің болашағы үшін маңызды екенін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.