Депутаттар додасы

0

27-28 мамыр аралығында Тараз қаласы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасының мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Жамбыл облысының мәслихат қызметкерлері мен депутаттары арасында облыстық спартакиада өтті.

Мәслихат қызметкерлері мен депутаттары арасында бұқаралық спортты дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту – шараның негізгі мақсаты.

Спорттық жарысқа 10 аудан,  қала және облыс құрамасы қатысты. Қатысушылар қашықтықта жүгіру, дойбы, үстел теннисі, дартс, волейбол және арқан тарту сынды спорт түрлері бойынша бақ сынасты.

Спартакиаданың ашылу салтанатына Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов, «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев қатысты.

Екі күнге созылған спартакиадада  Қордай ауданынан барған мәслихат депутаттары мен қызметкерлері жақсы нәтиже көрсетіп, жүлдемен оралды. Қордай ауданы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола  жүлдемен командалық есепте 3-орынға ие болды. Жарыста аудан намысын қорғаған белсенді ойыншыларды атап кеткен жөн. Мәселен, Әйгерім Атабаева қашықтықта жүгіру бойынша 1-орынды, «Дартс» ойыны бойынша 2-орынды иеленді. Аудандық мәслихат депутаты Айша Идыбо қашықтықта жүгіруден 2-орынға ие болды,  ал Ержігіт Смағұлов үстел теннисі бойынша  3-орынға жайғасты.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздар кубокпен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.