ДИАС ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ

0

Облыстық «Jambyl» телеарнасы ұйымдастырған «Асыл мұра» телебайқауы мәреге жетті. Дәстүрлі өнерді дәріптейтін, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын байқауға қордайлық жас өрендер де қатысқан болатын. Солардың ішінде «Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебінің» оқушысы Диас Ұшқанбек те болды.

Жастайынан күй өнеріне машықтанған Диастың дәулескер күйші боларына күмән жоқ. Небір мықтылар жиналған байқауда жүлделі ІІІ дәрежелі арнайы дипломға ие болды. Музыкалық жетекшісі әрі ұстазы ауданымызға танымал күйші Қуаныш Ахметов.

Президент Жолдауы аясында «Дала фольклорының мың жылы» арнайы жобасы шеңберіне кіретін телебайқау өнерпаздарға өріс ашып, шынығып, шыңдала түсуіне мүмкіндік жасауда. Қордайлық талантты жігіттің өнеріне тәнті болғандар да аз болмапты. Жамбыл арнасына сұхбат берген Диас күй өнерін үнемі жанына серік етіп, әлі талай асуларды бағындыруға ниетті екенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.