ДІНИ ФАКТОР ЖӘНЕ ЕЛДІҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

0

Қазақстан Республикасы дербес мемлекет ретінде қалыптаса отырып, ішкі және сыртқы, территориялық, ұлттық, діни, экономикалық- әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің басты міндеттерінің бірі, мемлекетті құраушы халқының қауіпсіздігі, құқықтық теңдігі, әлеуметтік жағдайының қалыпты деңгейі, экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Осының бәрін бір сөзбен айтқанда – ұлттық қауіпсіздік ұғымының мәніне толықтай еніп кетеді. Ұлттық қауіпсіздік мәселесі әрқашан да өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Әсіресе, ұлттық қауіпсіздік аясындағы діни мәселелер өте күрделі мәселелердің бірі болып саналады және жан-жақты зерттеуді талап ететін мәселелердің бірі болып табылады.
Ұлттық Қауіпсіздік — азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық,әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланыс-ты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдарымен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады.
Діни салаға келетін болсақ, ұлттық қауіпсіздік негізінен Қазақстан қоғамында орын алып отырған діни жағдайдың қалыптасуымен тығыз байланысты болып табылады. Қазіргі кезеңдегі діни ағымдар мен діни ұйымдардың қызметтерінің қарқындылығы салдарынан діни жағдай күрделене түсуде. Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Адамның пайда болуынан бері өмір сүріп келе жатқан діннің өзіндік мәні зор. Дінге көзқарас әр дәуірде, әр қоғамда әрқилы болып келген. Сондықтан дін дегеніміз не, оның тарихы бүгінгі қоғамда өмір сүріп жатқан әр азамат үшін мәдени қажеттілік. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын ерекше құбылыстар.
Дін – қоғамдық құбылыс, ал қоғам – мемлекеттің негізі. Қазір өркениетті қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Өркениетті қоғамның әрбір адамы өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі ойлар айта білуі қажет. Олай болса бүгінгі қоғамда дін, діннің қоғамдағы негізгі қызметі қоғамды бейбіт, қатар өмір сүруге тәрбиелеп, діни келісім бірлік пен тұрақтылық кепілі ретінде әлемді ұйыстырушы ретінде қасиетіне ие болуы қажет.
Қазақстанда ұлтаралық және дінаралық келісімнің тұрақты моделі қалыптасқанымен, ол мемлекет, азаматтық қоғам, оның ішінде діни бірлестіктер тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіп отыруды қажет етеді. Осы арада Қазақстанда дінаралық қатынас орнатудың негізгі ұстанымдарын атап өту керек. Елдің Конституциясы мен заңдары ар-ождан бостандығы мен діни сенімді қорғауға кепілдік береді. Конституция діни, этникалық және басқа тұрғыдағы кемсітушіліктерге тыйым салады. Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы діни бірлестіктердің еркін іс-әрекет жасауы үшін барлық құқықтық негіз қалады. Ел маңызды халықаралық келісімге және адам құқығына қатысты шарттарға оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі халықаралық келісіміне қосылады.
Мемлекет конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыруы үшін тең және қолайлы жағдай жасады.

Отар ауылдық округі әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.