ДІНИ КОНФЛИКТІҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН АЛДЫН АЛУ

0

Сәрсенбі күні Масаншы және Сортөбе ауылдарында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Қордай аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Діни конфликтің себептері мен алдын алу жолдары» тақырыбында имамдардың біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курстың ашылуына ҚМДБ-ның Жабыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев кіріспе сөз сөйлеп, аталмыш тақырыптың маңыздылығы турасында айтып, имамдардың біліктілігін осы бағытта арттырудың берері мол екенін айтты. Сондай ақ, сөз алғандар қатарында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры Тимур Нүсіпханов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Ибраһим Шағбан Абдуллаһи Муршиди болды.
«Діни конфликтің себептері мен алдын алу жолдары» туралы бірнеше білікті мамандар осы күні дәріс оқып, ауқымды шара негізінде имамдар мен ұстаздар біліктіліктерін арттырып, нақты ақпараттарға қанық болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.