ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛЫНДА

0

Зайырлы мемлекетімізде дін мен қоғам ара-қатынасы өзекті болып келеді. Бұлай деуге бірнеше себеп те бар. Бұл қатардағы басты мәселе халық арасындағы діни сауаттылық болмақ. Кей адамдар дінді дұрыс түсінбестен өз бетінше кетіп, келеңсіз оқиғаларға тап болып жатады. Мұны біз теледидар немесе ғаламтор беттерінен көріп, естіп жатамыз.

Мемлекетіміз дәл осы мәселені қаперге алған. Діни сауаттылықты арттыру бағытында атқарылып жатқан іс те аз емес. Әрине, бұл іске ең алдымен мешіттегі имам, ұстаздардың қосқан үлесі қомақты. Мұнымен қатар, дін істері басқармасының теолог-мамандары да жемісті жұмыс атқарып келеді. Осы орайда аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен дін істері басқармасының теологы Самғат Мутанов білім ошақтарында діни тәрбиеге жауапты мамандармен оқу семинарын өткізді. Аудандық Мәдениет үйінде өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай қатысып, бұл іс-шараның маңызына тоқталып өтті. Осыдан кейін сөз алған дін маманы қоғамда орын алған келеңсіз оқиғаларды ұйымдастырып жатқан, мемлекеттің тұтастығына зиян келтіретін деструктивті ағымдардың сипаттарын, олардың қазақ халқы ежелден ұстанған дәстүрлі діни санаға қайшы екендіктерін баяндады. Сонымен қатар, еліміздің аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік діни ұйымдары жөнінде түсінік берді. Лектордың айтуынша, дәстүрлі емес діни ағымның жетегіне көбінесе жас-тар еріп барады. Мұның басты себебі – ғаламтор парақшалары арқылы кез келген ақпараттың тез таралып жатқаны және жастардың діни сауатының төмендігі. Осы себепті қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталған Самғат Мутанов қазақ халқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақ сабақтастығын нығайтуға атсалысуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.