«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» – ЖАСТАРҒА МОЛ МҮМКІНДІК

0

Ауылдық елді мекендердің кадрлық әлеуетін қажетті мамандармен нығайту, ауылдық жерлерде сертификатталған кадрларды сақтау мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы  Президентінің тапсырмасымен «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынды. Бұл бағдарлама әлеуметтік сала, агроөнеркәсіптік кешен мамандарына және ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға жәрдемақы және бюджеттік несие түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға бағытталған.

Аталған бағдарламаға ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкім орынбасарларын қоспағанда) қатыса алады.

Алушыға қойылатын негізгі талап – сол ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымда тиісті мамандық бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеледі.

2023 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына сәйкес, «Отбасы Банкі» АҚ уәкілетті өкіл (агент) болып белгіленді, яғни жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға несие «Отбасы банкі» АҚ арқылы беріледі.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес көрсетіледі.

Көтерме жәрдемақы 100 АЕК (345 000 теңге) мөлшерінде төленеді, сондай-ақ тұрғын үй сатып алу үшін (жұмыс орны бойынша) 1500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде 5 175 000 теңге әлеуметтік қолдау шараларына жүгіну мүмкіндігін қарастырады немесе жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесі бойынша он бес жылға дейінгі мерзімге үй сатып алуға несие рәсімдеу мүмкіндігі бар.

Көтермелеу жәрдемақысы мен бюджеттік несиеге өтінішті бір уақытта беруге болады.

Егер еңбек қатынастары үш жылдан ерте тоқтатылған болса, көтерме жәрдемақы мен алынған несие толығымен бюджетке қайтарылады.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Ақпараттандыру объектілері арқылы  (агент) –жылжымайтын мүлік порталы Баспана Маркет otbasybank.kz/programm-bank (бұдан әрі – Портал). Қызмет көрсету мерзімі — алты жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметтің көрсетілуінің нәтижесі «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қолдау көрсету туралы келісім жасауға өтініш беру немесе кезекке тіркеу және басымдық туралы хабарлама (егер кезек болса) немесе қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды.

Көрсетілетін қызметті алушы көтермелеу жәрдемақысын алған кезде төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  4. көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алған кезде келесі құжаттарды ұсынады:

  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  2. жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  4. көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
  5. неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  6. Несиелік бюродан есеп.

Айта кету керек, Ережеге өзгертулер енгізілді және қазіргі уақытта басқа несие  болған жағдайда, тек құжаттарды қарау кезінде өтелмеген мерзімі өткен немесе соңғы екі жыл ішінде күнтiзбелiк тоқсан күннен астам кешiктiрілген берешек бас тартуға негіз бола алады.

Сондай-ақ бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан тұрғын үй сатып алуға болмайды (ерлі-зайыптылардан, ата-әжелерден, ата-аналардан/асырап алушылардан, балалардан, оның ішінде асырап алынғандардан, толық емес ағаларынан және әпкелерінен), сондай-ақ азамат    тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болған;

3) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан оның негізінде айырылған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне  енген сот шешімі бар болған;

4) көрсетілетін қызметті алушы Заңның 18-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес  келмеген;

5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайларда әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартады.

Сондай-ақ, бастартуға бюджеттік бағдарлама-лар әкімшілерінің мамандарға қажеттіліктің болмауы негіз болуы мүмкін.

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба немесе куәландырылған бір реттік пароль болған жағдайда мемлекеттік қызметті Портал арқылы электрондық нысанда ала алады.

Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.