ДОСТЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК МЕРЕКЕСІ

0

Құрметті қордайлықтар!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке бізге тарихи жадыны сақтауды, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуды, жастарды адамгершілікке тәрбиелеуді, сондай-ақ туған жерімізге алғыс айту мүмкіндігін береді. Алғыс айту күні – бұл достықтың, мейірімділіктің және ынтымақтастықтың мәңгілік құндылықтарын атап өтетін ерекше уақыт.

Алғыс айту күні – бір-бірімізге құрмет көрсетіп, ортақ тарихымызды бағалау, өзара көмек пен қолдау көрсету мүмкіндігі. Бұл көктемнің алғашқы күнімен сәйкес келетін рухани мереке еліміздің бірлігін нығайтуға және оның артуына маңызды үлес қосады.

Құрметті жерлестер!

Сіздердің Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз, адал еңбектеріңіз және белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Әр отбасыға береке, тыныштық және жақсылық тілеймін! Қазақстан Республикасының игілігі үшін табысты әрі жемісті еңбек ете берейік!

Қордай аудандық мәслихатының төрағасы НҰРДИН САДЫҚОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.