Қарасу ауылдық округіндегі тұрғындар арасында қоғамдық келісім мен бірлікті насихаттау мақсатындағы шаралардың қатары «Достық» турнирімен қорытындыланды.
№7 А.Пушкин атындағы орта мектептің спорт залында округ тұрғындары арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Турнирдің ашылу салтанатына Қарасу ауылдық округінің әкімі Р.Жасыбаева, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Е.Қаншымбеков, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Урустемов арнайы қатысып, жарысқа қатысушы жас волейболшыларға сәттілік тіледі.
Ауыл жастарының арасында өткен турнир қызықты әрі тартысты сәттерге толы болды.«ДОСТЫҚ» ТУРНИРІ ӨТТІ
Қарасу ауылдық округіндегі тұрғындар арасында қоғамдық келісім мен бірлікті насихаттау мақсатындағы шаралардың қатары «Достық» турнирімен қорытындыланды.
№7 А.Пушкин атындағы орта мектептің спорт залында округ тұрғындары арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Турнирдің ашылу салтанатына Қарасу ауылдық округінің әкімі Р.Жасыбаева, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Е.Қаншымбеков, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Урустемов арнайы қатысып, жарысқа қатысушы жас волейболшыларға сәттілік тіледі.
Ауыл жастарының арасында өткен турнир қызықты әрі тартысты сәттерге толы болды.