Қордай ауылының орталық саябағында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ең белсенді волонтер» акциясы өтті.
Басты мақсат — республикалық акцияның 5 апталығында белсенділік танытқан азаматты марапаттай отырып, өзге де ауыл жастарын қоғамдық жұмыстарға тарту, туған жердің тазалығын сақтауға баулу.
Акция барысында орталық саябаққа 19 ауылдық округтен келген ерікті жастар жиналып, жаппай сенбілік жұмыстарын жасады. Тазалық жұмыстарынан кейін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары саябақтың сахнасында «Ең белсенді волонтерді» номинациясы бойынша Ерік Маликаны марапаттады.
-Еліміздің барлық аймағының жастарымен бірге біздің қордайлық жастар да республикалық акцияға белсенді қатысты, оны өздеріңізге әлеуметтік желідегі парақшамыз арқылы жеткізіп отыруға тырыстық. Бүгінгі шараға да ерекше белсенділік танытқандарыңыз үшін алғысым шексіз, — деп алғысын білдірді «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Р.Беделбаев.