ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН АЗАМАТ

0

Қоғамдық және мемлекеттік қызметте ерекше белсенділік танытқаны үшін Қордай аудандық мәслихатының депутаты Сидоренко Сергей Михайлович «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Мемлекеттік марапатты аудан әкімі Бегзат Болатбеков арнайы табыстап, ізгі тілегін жеткізді.

Айта кетейік, Сергей Михайлович ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда айрықша еңбегімен танылып келеді. Әсіресе, кәсіпкер азамат ретінде аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, қайырымдылық шараларында белсенділік танытуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.