Жұма күні 1 наурыз- Алғыс айту және партия күніне орай «Amanat» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті.
Мерекелік жиынға аманаттықтармен қатар партияның қалыптасуына зор еңбек сіңірген, сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосқан азаматтар қатысты.
«Баршаңызды 1 наурыз Алғыс айту күнімен және де айтулы күнмен тұспа-тұс келген партия күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күннің маңызы мен мәнін барлығыңыз жақсы білесіздер. Мереке күні сіздерге амандық, бейбітшілік, денсаулық және зор бақыт тілеймін. Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын», — деді Бейқұт Тлебалдыұлы алғысөзінде.
Келесі сөз кезегі Қордай ауданы және Жамбыл облысының Құрметті азаматына ұсынылды.
«Бүгін айтулы дата. Осыдан 26 жыл бұрын партия құрылды. Тәуелсіздік жылдарындағы атқарылған орасан зор бастамалардың, маңызды бағдарламалардың алға жылжуына, кадр саясатын қалыптастыруда партияның алар орны ерекше. Партия жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады», — деп бөлісті Төле Аманжолұлы. Шара барысында 1 наурыз «Алғыс айту» күні мерекесіне орай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі үшін партия филиалы төрғасы Бейқұт Жамангозовтың алғыс хатымен бірқатар тұлғалар марапатталды. Олардың қатарында: Төле Сүгірбай, Біржан Әлімбет, Құрманбек Әлімжан, Ғалымжан Оспанов, Ғалым Әлімжанов, Шолпан Сабанова, Ақсана Елеусізова, Марат Асаров, Еркін Тулеуов, Қуаныш Байжігітов, Виктория Ткалун, Берік Семетаев, Айдана Нұрқияс, Данияр Қартамбаев, Ақмарал Хайтбаева.
Салтанатты шара жалғасып бірқатар белсенді жастар партия қатарына қабылданды.