Еңбегіне алғыс айтылды

0

Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясының директоры, Жоғары санатты ұстаз, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері – Суджата Сарғасқаева білім саласында 39 жыл еңбек етіп, зейнетке шықты.

Ұлағатты ұстазды сый-құрметпен зейнетке шығарып салу үшін аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай жұмыс орнына барып, ауданның білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтты. Дамира Маратқызы аудан әкімінің атынан Құттықтау  грамотасын және «Қордай ауданына сіңірген еңбегі үшін» арнайы төсбелгімен марапаттады.

— Сізді мерейлі датамен құттықтаймыз. Осынау жылдар бойы аянбай еңбек етіп, бүгінгі күнге үлкен абыроймен жетіп отырсыз. Жоғары кәсібилігіңіз, басшылық қызметтегі жауапкершілігіңіздің нәтижесінде толағай жетістіктерге жеттіңіз. Сіздің ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз, — деді Дамира Сүгірбай.

Суджата Сарғасқаева – ұстаздық еңбек жолын орыс тілі және әдебиеті мұғалімі болып бастаған. 22 жыл түрлі білім ошақтарда директорлық қызмет атқарды. Ал, Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясын көп жылдан бері басқарып, өзін үлкен ұжымның көшбасшысы ретінде толық көрсете білді. Білім ошағын аудандағы бетке ұстар мектептердің қатарынан ойып тұрып орын алуына үлкен үлесін қосқан педагог.

Leave A Reply

Your email address will not be published.