Еңбек ауылында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілуі ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесу өтті.
Жиын барысында ұсынылған түзетулердің мазмұны, оның елдің саяси жүйесін жетілдірудегі және азаматтардың құқықтарын нығайтудағы маңызы жан-жақты баяндалды.
Жиында Қарасай ауылдық округінің әкімі Алтымбеков Мақсат сөз сөйлеп, Конституциялық реформалардың Қазақстан дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін жеткізді. Ол өз сөзінде ұсынылып отырған өзгерістер елдегі демократиялық қағидаттарды нығайтып, халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтетінін атап өтті.
Сонымен қатар жиынға қатысқан тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсынылған түзетулер жөнінде пікір алмасты.