ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

0

Орталықта біз жиі баяндайтын психолог, заңгер және әлеуметтік қызметкерлерден бөлек, еңбек терапиясының маманы жұмыс істейді. Ол қызмет алушыларға әлеуметтік еңбектік қызмет түрін ұсынады. Енбек терапиясы емдік, оңалту және ағарту бағыттарын қамтиды.
Еңбек нұсқаушы қызмет алушыларды қолөнер не өзге кәсіпке үйрете отырып, өмір талабына сай дағдыларды қалыптастырады. Сондай-ақ, бұл терапия барысында алынған білім қоғамга қайта қалыптасуға, дербестікті, өмір белсенділігін арттыруга және эмоционалды ресурсты қалпына келтіруге көмектеседі. Орталықта мүгедектер мен қарттарға арнаулы әлеуметтік еңбек қызметтерін жүргізу барысында қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп тексеру, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау, бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру, қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету және қарттар мен 18 жастан асқан адамдардың бойындағы жоғалған тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізіледі. Орталықта қызмет алушылардың психикалық жай-күйі ескеріле отырып, қабілеттеріне қарай 4 сағаттық еңбек-емдеу терапиясы жолға қойылған. Мұнда енбек терапиясы қарттарымызға еңбек дағдысын жоғалтпау мақсатында (ой еңбек, қол өнер, инновациялық технологияларды үйрету және т.б.) үйірмелермен жұмыс жасауға атап айтсақ көгалдандыру, сүрет салу, бөлме гүлдеріне күтім жасау, талдарды баптап өсіру секілді жеңіл жұмыстармен айналысып уақыттарын кызықты өткізуге ынталандырады. Орталықта қызмет алушылар еңбекке дағдылану, өз қолдарымен бау-бақша, гүл отырғызу арқылы өздерінің қоғамға қажет екенін сезінеді, жақсы адамдардың жанында жүргенін түйсінеді.
Орталықта жасына және денсаулығына байланысты емдеу еңбекке жарамсыз азаматтарымыз да бар. Еңбек терапиясында ұсақ моториканы және 2 колды үйлестіруді дамытуды ұсынамыз, бұл неғұрлым ертерек орын алса, адам баласының қоғамда әлеуметтенуі соғұрлым жеңіл болады, бұл дамуында көптеген ауытқылары бар адамдар үшін өте маңызды.
Еңбек терапиясы бұл өте пайдалы терапияның бір түрі. Біздің кызмет алушыларымыз күнделікті өздерінің сүйікті істерімен айналысуға мүмкіндіктері бар. Еңбек терапиясы бұл адамдарды емдеуге және еңбекке деген дағдыларын қалпына келтіруге бағытталған кешендік әлеуметтік оңалту компоненті болып табылады.
А.ШАДИКОВА, «№7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының» еңбек нұсқаушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.