Ағымдағы жылдың тамыз айынан ауданда «Жасыл ел» еңбек жасағының жазғы маусымы бастау алды. Биыл 220 жас жұмыспен қамтылатын болады. Жасақ жастары ауданды тазарту, абаттандыру жұмыстарына кірісіп, күнделікті ауданды көркейтуге өз үлестерін қосатын болады.
Осы орайда Қордай ауылындағы орталық жасыл саябақта «Жасыл ел – 2024» еңбек жасақтарының ашылу рәсімі өтті. Ауқымды шараның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай және Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет қатысып, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Жыл сайын дәстүрге айналған жасақ жұмысының іске асырылуына ерекше үлес қосқан ауданның орта арнаулы білім беру мекемелерінің ұжымдарына, олардың ішінде «Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжі, «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі және ауылдық округтің үздік «Жасыл ел» еңбек жасақтарының белсенділері марапатталды. Атап айтқанда, осы күні Қамар Пулатқызы, Данияр Сабирұлы, Мадияр Мырзаханұлы, Зинаида Витальевна, Бексұлтан Бауржанұлы, Қалдыкүл Бақытбекқызы, Аружан Төлендеқызы, Алишер Берікұлы, Назерке Ерікқызы, Алина Валерьевна, Алина Жексенбекқызы аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызының қолынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар алды.
Д.ҚАСЕНҚҰЛ, «Жастар ресурстық орталығы» Жастарға қызмет көрсету бөлімінің жастар ісі-жөніндегі инспектор-психологы