ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЕЛГЕ ҮЛГІ

0

2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осыған орай Кенен ауылдық округінің әкімі Арман Жылыбаев ауылдың еңбек ардагерлері Болатхан Дүмшебаев пен Намет Қақановтың үйлеріне арнайы барып, олардың ұзақ жылғы адал еңбектері үшін алғыс білдірді.

Қақанов Намет Бекбауұлы 1949 жылы 19 шілдеде Кенен ауылында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдаған соң, 1967 жылы бірден колхозға трактор жүргізушісі болып жұмысқа орналасып, ауыл шаруашылығы саласында тер төкті. 1975-1980 жылдары механизатор болып еңбек етіп, техниканың қыр-сырын жетік меңгерді. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы саласында 45 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп, туған жерінің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.

Болатхан Дүмшебаев 1950 жылы 15 қарашада Кенен ауылында өмірге келген. Краснагор ауданында мектепті аяқтаған соң, еңбек жолын ерте бастады. Колхозға механизатор болып жұмысқа тұрып, өмірінің барлығын техникамен байланыстырып, трактор жүргізу және ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу ісімен айналысты. 45 жыл бойы осы салада тынымсыз еңбек етіп, бүгінде ардагер атанып отыр.

Ауылдық округ әкімі ардагерлердің ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, оларды жастарға үлгі етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.