ЕҢБЕККЕ ҚҰРМЕТ

0

Қасық ауылдық округінің әкімі А.Асылбек ауыл тұрғыны, еңбек ардагерлері Жұманқан Есқараев пен Виктор Маукебаевтың үйлеріне арнайы барып, олардың ұзақ жылғы еңбектері үшін алғыс білдірді.

Маукебаев Виктор Кунбаевич 1947 жылы 22 желтоқсанында Семей облысы, Аягөз ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Орта білім алғаннан кейін бірден Аягөз ауданында совхозға қарапайым жұмысшы болып жұмысқа орналасты. 1972 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданына қоныс аударып, Қасық ауылына қоныстанады. Ауылға көшіп келген жылы совхозға механизатор болып жұмысқа орналасты. Көп жылдар бойы қажырлы еңбек етіп, ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін қосты. Оның адал еңбегі мен кәсібіне деген сүйіспеншілігі жас ұрпаққа үлгі боларлықтай.

Есқараев Жұманқан 1951 жылы 13 қаңтар күні Қордай ауданы, Қасық ауылында дүниеге келген. 1972-1992 жылдары аралығында Талапты совхозында жүргізуші болып қызмет атқарды. 1992-2006 жылдары совхозда бригадир болып жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Арман» шаруа қожалығының басшысы ретінде ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосып келеді. Оның басшылығымен шаруа қожалығы өркендеп, көптеген ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылды.

Қасық ауылдық округінің әкімі еңбек ардагерлерін марапаттап, олардың қоғамға сіңірген еңбегін жоғары бағалап, жастарға үлгі етті.

Еңбек ардагерлері өз кезегінде көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ауыл әкімдігі мен тұрғындарына алғыс айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.