Егіз ағайындылар референдумда алғаш рет дауыс берді

0

Республика бойынша жаңа Конституция жобасына қатысты жалпыхалықтық референдум қызған шақ. Бұл саяси науқан елдің әр өңірінде ерекше сәттермен есте қалып жатыр.
Қордай ауылына қарасты Красный партзан шағын ауданындағы №235 референдум учаскесіне екі жігіт қатар кіріп келді.
Красный партизан тұрғындары егіз ағайындылар – Нұрбол және Ербол Тілепбаевтар ел тарихындағы елеулі күні ола референдум учаскесінде өздерінің тарихи таңдауын жасады.
Өздері асабалық кәсіпті қолға алып, той-думандарда өнер көрсетіп жүрген жас сайлаушылар референдум учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосты. Олардың айтуынша, мемлекет тағдырына қатысты мәселелерге бейжай қарамай, азаматтық борышты орындау – әрбір жас үшін маңызды.
Алғаш рет дауыс берген егіздердің бұл қадамы ауыл тұрғындары тарапынан да қолдау тауып, жас буынның қоғамдық өмірге белсенді араласып келе жатқанын көрсетті.

Айта кетейік, республикалық референдум – азаматтардың ел дамуына қатысты маңызды шешімдерге өз пікірін білдіруіне мүмкіндік беретін демократиялық тетік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.