eGov.kz порталында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау науқаны басталды. Биыл бұл қызмет айтарлықтай жаңартылып, талапкерлер үшін әлдеқайда ыңғайлы болды. Өтініш беру жүйесіне жаңа функциялар мен сүзгілер қосылып, оқу орнын жылдам таңдауға, қателіктерді болдырмауға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Енді өтініш беру кезінде талапкер жатақхана немӘр талапкер өтінішті бір рет қана бере алады, бұл ретте төрт түрлі колледжге дейін, төрт мамандық таңдау мүмкіндігі бар. Құжаттардың жалпы көлемі 5 мегабайттан аспауы тиіс.
Өтініш беру үшін талапкерге:
eGov.kz порталында авторизациядан өту қажет;
«Білім» бөлімінен «Колледждер» санатын таңдау керек;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» қызметін таңдау қажет;
барлық қажетті жолдарды толтырып, құжаттарды жүктеу керек;
қызметті қолжетімді әдістердің бірімен растау қажет;
қызмет нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.