«ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК» ІЗДЕГЕНДЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

0

14 желтоқсан күні Қордай ауданы бойынша мансап орталығы және «Аманат» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге жұмысқа мұқтаж азаматтар қатысты, оның ішінде: алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар азаматтар, пробация қызметі есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, жұмысқа жарамды мүгедектігі бар азаматтар және жас мамандар.

Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 40 мекемеден түскен 123 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде: білім саласы бойынша – 35 бос жұмыс орны; Денсаулық сақтау бойынша –16 бос жұмыс орны; Әртүрлі жұмыстар – 68 бос жұмыс орны; Экономика – 2; Заңгер – 2. Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 2 мекеме қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 30-дан астам азаматтың ішінен 6 азамат тұрақты жұмысқа жолданды және барлық жұмыссыз азаматтар бос жұмыс орындарымен танысты.

Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді. Оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқудың, «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқудың, мемлекеттік қайтарымсыз грант берудің шарттары туралы және солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.