ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК ІЗДЕГЕНДЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

0

Сейсенбі күні Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жұмысқа мұқтаж азаматтар қатысты, оның ішінде: алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар азаматтар, пробация қызметі есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, жұмысқа жарамды мүгедектігі бар азаматтар және жас мамандар болды.
Жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 61 мекемеден түскен 120 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде білім саласы бойынша – 25 орын, денсаулық сақтау бойынша – 19, экономика – 5, заңгер – 1, әртүрлі жұмыстар –70 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 4 мекеме қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 40-тан астам азаматтың ішінен 8 азамат тұрақты жұмысқа, 7 азамат жастар практикасына, 1 азамат алғашқы жұмыс орнына және «Күміс жас» жобасына 3 азамат, ақылы қоғамдық жұмыс орнына 4 азамат жолданды және барлық жұмыссыз азаматтар бос жұмыс
орындарымен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.