Екі ауылды жалғайтын жол жөнделуде

0

Екі ауылды жалғайтын жол жөнделуде
Қаракемер мен Керу ауылдарын жалғайтын 18,1 шақырымдық автожол – аудан тұрғындарын ұзақ жылдар бойы алаңдатып келген өзекті мәселелердің бірі. Уақыт өте келе тозығы жетіп, ой-шұңқыры көбейген жол жеңіл көліктердің қатынауына едәуір қолайсыздық туғызған болатын.
Қазіргі таңда аталған мәселе оң шешімін тауып, «Қаракемер–Керу» автожолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай аудан әкімі Бегзат Болатбеков нысан басына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Әбсеитов пен Қаракемер ауылдық округінің әкімі Р. Алыбаев жөндеу жұмысының барысы мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Қазіргі таңда жолдың шамамен 2 шақырымға жуық бөлігіне асфальт төселген.
Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды қатаң тапсырды. Сондай-ақ жолдың тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы болуына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Көп жылдан бері шешімін күткен бұл мәселенің жүзеге асуы – Қаракемер мен Керу ауылдарының тұрғындары үшін маңызды жаңалық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.