Екі еселенген бақыт

0

Өткен жылы елімізде, аймағымызда, ауданымызда орын алған жағымды жаңалықтар туралы газетімізде айтып келеміз. Осы орайда 2023 жылы үлкен қуанышқа кенелген тұрғындар турасында да айта кеткенді жөн көрдік.

Қордайлық Бекзат Кененбаев пен Диляра Кибасованың отбасында өткен жыл нағыз қуаныш пен шаттыққа толы болды деп нық сеніммен айтуға болады. Отбасын құрғандарына сегіз жыл болған олардың үлкен арманы нәрестелі болу еді. Осы уақыт аралығындағы арман мен үміт толығымен ақталды. 2023 жылдың көктемінде үлкен әулеттің келіні егіз қызды дүниеге әкелді. Бірден қос қыздың әкесі атанған отағасы Бегзат Жұмажанұлының қуанышында шек жоқ. Осы сәтті ұзақ күткен атасы Жұмажан мен әжесі Дананың көңілін айтсаңшы. «Ақ түйенің қарны жарылған» нағыз думанды шілдехана Кененбаевтар отбасында болды.

Қиындығы да мол болған өткен жылдың осындай тамаша, жағымды жаңалықтар да аз болмады. Елімізде 20 миллионыншы нәресте дүниеге келді. Сол 20 миллионға аяқ басқан жылы нәресте иісін ұзақ жыл аңсаған отбасы қуанышқа кенелді.

Қос қуаныш, қос бақыт қатар келген Бекзат пен Диляраның отбасында келер жылы «ат ұстар» дүниеге келіп, еліміздің демографиясы арта берсін, деген тілегімізді біз де жеткізгіміз келеді!

Leave A Reply

Your email address will not be published.